Санат: Жаңалықтар
-

Бірге еккен ағаш – болашаққа салынған көпір
Павлодар қаласындағы №47 жалпы орта білім беру мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор «Ұрпақтар сабақтастығы: Бірге еккен бір ағаш» атты экологиялық шарасы өтті. Бұл бастамаға мектептің 37 сыныбынан 100 оқушы, 40 ата-ана және 70 педагог белсене қатысып, ортақ игі іске өз үлестерін қосты. Шара барысында білім ордасының аумағына 50 түп…
-

Ақтау мектептері экологиялық бастаманы қолдап, тал егу челленджін бастады
1 мамыр күні “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының білім беру ұйымдары “Тал егу” акциясын ұйымдастырып, игі бастама кең ауқымды челленджге ұласты. Аталған шара қала тұрғындары мен білім беру ұйымдары тарапынан кең қолдау тауып, көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік берді. Челлендждің бастамашысы ретінде Ақтау қаласының №18 жалпы білім беретін мектебі танылып, өзге білім…
-

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ АНОНС
📢 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 16:00-де, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі №5, 1-қабат, 3-кабинет мекенжайында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шиелі ауданының 2025 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне мемлекеттік аудит» іс-шарасының аудиторлық қорытындыларын бекіту туралы кезекті отырысы өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1213923?lang=kk
-

🌆 Ақтау қаласын абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала аумағында қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, аулаларды ретке келтіру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213924?lang=kk
-

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Көктал-Арасан орта мектебі мерекелік іс-шара ұйымдастырды
Аталған шараның басты мақсаты – оқушыларды достыққа, татулыққа және ұлттар арасындағы бірлікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырды. Мереке жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі мекеме қызметкерлеріне алғыс хаттар мен марапаттар табыстады. ✨ Бірлік бар жерде – тірлік бар!…
-

Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті
1 мамыр күні сағат Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі этносаралық татулықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту, көпұлтты қоғамның бірлігі мен достығын дәріптеу. Мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, ерекше көңіл-күй мен жарқын әсер алды. Концерт барысында патриоттық…
-

Ақтау қаласында шұңқырлы жолдарды жөндеу жұмыстары басталды
Ақтау қаласында ауа райының қолайлы болуына байланысты шұңқырлы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл қала аумағында жалпы көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын учаскелерге асфальт жабынын төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы төселгенімен, сапасыз деп танылған жол учаскелеріндегі асфальт жабыны мердігер мекеменің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Жалпы алғанда, қала аумағындағы 150 шақырым автомобиль жолы 2015 жылға…
-

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНДА БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары. 2025 жылы 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 111% орындалды. Әлеуметтік осал топтар үшін 1164 пәтер сатып алынды. Бюджет есебінен 1532 пәтерлі 141 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 114-і пайдалануға берілді. Инженерлік инфрақұрылымға 19,9 млрд теңге бөлініп, 39…
-

«Таза Қазақстан»: Ақтауда 13-шағын аудан тұрғындары сенбілікке шықты
Ақтаулықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде қатысуда. Аталған игі бастама аясындағы кезекті сенбілік шарасы Ақтау қаласының 13-шағын аудан №23 тұрғын үйде өтті. Бұған дейін де өз күштерімен аула аумағын көгалдандырып, көркейту жұмыстарын қолға алған тұрғындар бұл жолы да ауызбіршілік танытып, тазалық шараларына бір кісідей атсалысты. Сенбілік барысында аула аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі қопсытылды,…
-

Таразда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті
Тараздағы “Достық үйінде” Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, сондай-ақ ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен түрлі этнос өкілдері қатысты. Шара барысында қонақтар ең алдымен этномәдени бірлестіктердің «Достық шаңырағы астында» атты көрмесін аралап, әр ұлттың…
-

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2026 жылдың мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.
1,7,9 мамыр – барлық ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін, сондай-ақ кезекші орталықтар үшін мерекелік демалыс күні. 2 және 11 мамыр – тек кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады. Ақпарат көзі :…
-

Жаңа Конституцияның ережелеріне арналған аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 02/552-И «Мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында Конституцияның ережелерін түсіндіруге қатысты» хатын орындау мақсатында 2026 жылғы 29 сәуір күні мәслихат аппаратының басшысы аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен жаңа Конституция бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында негізгі өзгерістер, олардың мемлекеттік басқару…
-

«Таза Қазақстан»: Қала тұрғындары сенбілік ұйымдастырды
2 мамыр күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 19 шағын аудандағы «Ханшайым» тұрғын үй кешенінің тұрғындары сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындар аула аумағын тазалап, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кейбірі газ құбырлары мен орындықтарды сырлап, жиектастарды қалыпқа келтіру ісіне атсалысты. – Баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырамын, – деді «Ханшайым» тұрғын үй…
-

Пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған Ашық есік күні өткізілді
Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға Ақтөбе қаласы прокуратурасының өкілдері, облыстық Әділет департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті, Отбасын қолдау орталығы, жеке сот орындаушылар, «HR Consalting Kazakhstan» ЖШС, Ақтөбе қаласының Мансап орталығы және жұмыс…
-

Халықаралық конференция аясында балаларға арналған бірегей нейрохирургиялық операциялар Алматы қаласында жүргізілуде
4–6 мамыр 2026 жылдың аралығында International Society for Pediatric Neurosurgery «Балалар нейрохирургиясы патологияларына мультидисциплинарлық көзқарас» атты Халықаралық конференция өтуде. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Алматы қаласының Әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым ашты. Бұл іс-шара әлемнің 20-дан астам елінен келген жетекші мамандарды біріктіріп және балалардың күрделі нейрохирургиялық ауруларды емдеуінің заманауи тәсілдерін талқылайтын маңызды…
