Санат: Жаңалықтар
-

Ақтөбелік мектеп оқушыларының 99%-ы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады
Ақтөбе облысында биыл оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыстағы 1-10 сынып аралығында оқушылардың 99%-н жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді. Оның айтуынша, жазғы маусымда өңірде 7 сауықтыру орталығы, 702 мектеп жанындағы лагерь және 49…
-

Қаратал ауданында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен дзюдо залы салынады
Жетісу облысының Қаратал ауданындағы жаңа бокс залы жүйелі жұмыс істеп тұр. Бұл зал өткен жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Ал биыл аудан орталығында көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен дзюдо залы да салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданына барған сапары барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған аймақтағы…
-

Сенбілік аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді
Екі айлық сенбілік аясында мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ауылымыздың тазалығына өз үлестерін қосты. Ұжым болып ұйымдасқан түрде тазалық жұмыстарына шығып, белгіленген аумақтарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ауылға кіреберіс 16 шақырым аумақ толықтай тазаланып, жол жиегі мен айналасы қоқыстан аршылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 35 қап қоқыс жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Сонымен…
-

САРЫАҒАШ: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ НАҚТЫ МҮМКІНДІГІ!
Жоғары оқу орнын немесе колледж бітіріп, мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ жастар үшін жұмыс табуға тамаша мүмкіндік – Жастар практикасы бағдарламасы жалғасуда. Бұл бағдарламаға 35 жасқа дейінгі, оқу орнын бітіргеніне 5 жылдан аспаған жастар қатыса алады. Мақсаты – мамандық иелеріне алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға жағдай жасау, еңбек нарығына бейімдеу, әрі болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға жол…
-

Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
Сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz. – Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы…
-

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген Джевдет Йылмазға ілтипат білдіре отырып, бауырлас Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне назар аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz. – Бауырластығымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Дипломатиялық қатынас орнаған 35 жылға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті бағындырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент…
-

Көкпекті ауданының әкімі Н. Тұрсынқанұлы Қойгелді Аухадиев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесуден кейін Преображенка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Ержан Ниязбекұлы округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырды. Өз кезегімде ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпарат беріп,…
-

Қарағанды облысында Еңбек мемлекеттік инспекциясы департаментінің 2025 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылды
Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2025 жылғы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті қызметінің қорытындысына арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің ЕШБЖ жүйесінде еңбек шарттарын міндетті түрде жасасуы және тіркеуі, сондай-ақ құрылыс, көлік және қоғамдық…
-

Шымкент полицейлері студенттерге есірткінің алдын алу бағытында дәріс өткізді
Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен студент жастар арасында профилактикалық іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға медицина академиясының 100-ден аса студенті қатысты. Кездесу барысында «Қазіргі заманғы есірткі құралдары және олардың қолдану белгілері» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында синтетикалық және өзге де психобелсенді заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, олардың тәуелділікке әкелетін қаупі жан-жақты түсіндірілді.…
-

2029 жылға дейінгі денсаулық сақтау тұжырымдамасы: жаңа мүмкіндіктер
Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді06 сәуір 2026 10:32Көру саны:1Құжат азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл жүйе халықты толық қамтуды және сапалы медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1201531?lang=kk
-

Ақтоғай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы және кезектен тыс 49 сессиясы 2026 жылдың 15 сәуір күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4, үлкен залда) өтті.
Күн тәртібінде: Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы 29 сессиясының «Ақтоғай аудандық округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» № 223 шешіміне және 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 14 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамдарын сайлау туралы » №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы «Жер беру жөніндегі…
-

Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды
Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды. Даулы учаске сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып табылады. Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы…
-

ҚАЛАНЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Атырау қаласында нөсер жаңбырдан кейін су сору жұмыстары жедел ұйымдастырылып, қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Кешеден бері барлығы 10 150 текше метр жаңбыр суы шығарылып, қазіргі уақытта бұл жұмыстарға 45 вакуум техникасы жұмылдырылған. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеп, қала көшелері мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазарту шараларын жүйелі түрде атқаруда. 109 Бірыңғай байланыс…
-

Алматыда мектеп оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтуде
Алматы қаласында мектеп оқушылар арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтуде. Биыл турнирге 9-11(12)-сынып арасынан қалалық және облыстық кезеңдерде жеңімпаз атанған 180 оқушы қатысуда. Әр өңірден келген команда құрамы қазақ, орыс және ағылшын лигаларында бақ сынайтын 9 қатысушыдан тұрады. Турнир Дүниежүзілік мектеп пікірсайысы чемпионатының (World Schools Debating Championship) форматы бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңдері мен финалдық ойындардан тұрады.…
-

Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына жаңа мектеп құрылысы басталады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қосшы қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиын облыс әкімдігінде өтті. Іс-шараға құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. «Биыл елдегі ең жас қалалардың бірі – Қосшы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қосшы қаласына және оның дамуына ерекше көңіл бөледі. Қалада қысқа мерзім ішінде құрылыс-жоспарлау жоспары бекітілді, оған сәйкес жаңа әлеуметтік…
