Санат: Жаңалықтар
-

Сенім ұялататын учаскелік полицей: Абай облысында тәртіп сақшысы ауыл тұрғындарын интернет-алаяқтардан қорғау үшін үйлерді аралауда
Бесқарағай ауданының Мостик ауылында учаскелік полиция инспекторы Асет Сагадиев интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында үй-жайларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Ол үйлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, отбасылармен әңгімелесіп, қазіргі таңда алаяқтардың қандай тәсілдерді қолданатынын жан-жақты түсіндіруде: «банктерден» қоңырау шалу, жалған инвестициялар, SMS арқылы келген кодтарды айтқызу, несие рәсімдеу және «қауіпсіз шоттарға» ақша аударту. Учаскелік инспектор әсіресе қарт адамдарға…
-

Абай облысының полицейлері мектеп мұғалімдерімен интернет-алаяқтыққа қарсы кездесу өткізді
Абай облысының полиция қызметкерлері мектеп ұстаздары арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Құтанбаев Семей қаласындағы №50 жалпы білім беретін IT мектеп-лицейіне барып, мұғалімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты. Техникалық мүмкіндіктер дамыған заманда интернетте жасалатын айла-тәсіл де түрлі кейіпке енуде. «Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты — азаматтарды…
-

Абай облысында 150-ге жуық оқушы мен ата-аналардың қатысуымен қауіпсіздік сабағы өтті.
Абай облысы Ақсуат ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділет Бауыржанов пен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Сейтолда Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте 150-ге жуық ата-ана мен оқушылар қатысқан маңызды кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында қатысушыларға заманауи…
-

«Алкогольсіз аула»: Қарауыл ауылында кафе иелері алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты
6–11 мамыр аралығында Абай облысының аумағында «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – тұрғындарға қауіпсіз, тыныш орта қалыптастыру, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуды азайту. Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың дені мас күйде жасалады. Осыған байланысты Абай облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықтарға жол…
-

Ашық есік күні: Бесқарағайда азаматтар полиция жұмысымен танысты.
Бесқарағай ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Бесқарағай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қызмет алушыларына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше күтім талап ететін адамдарға полиция қызметінің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, сондай-ақ қызмет алушыларға қолдау көрсету және олардың әлеуметтік ортаға…
-

Абай облысының полицейлері жоғалған 11 және 4 жасар балаларды дер кезінде тапты
7 мамыр күні сағат 14:56 шамасында Жедел басқару орталығына Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген екі кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Балалардың жастары 11 және 4-те болған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру жұмыстары басталды. Жедел әрекет нәтижесінде балалар небәрі 5 минут ішінде Жамақаев көшесі бойынан табылып, аман-есен ата-анасына…
-

Абай облысының полицейі Президенттің қолынан мемлекеттік награда алды
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Абай облысының полиция қызметкерін ерекше атап өтті. Ол қызметтік борышына адалдығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталды. Жоғары ведомстволық награда Абай облысы Полиция департаментінің Ақсуат аудандық полиция бөлімінің аға криминалисі Бақытбек Лияскановқа табысталды. Дәл осы полицей биыл көктемде далада жоғалып кеткен үш жасар…
-

Отан қорғаушылар Семей – Алматы тасжолы бойына ағаш отырғызды
Отан қорғаушылар күніне орай Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ адамдарға қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келетін төтенше жағдайлар және күштік құрылымдардың қызметкерлері JAC Motors Kazakhstan брендінің автосалоны ұйымдастырған ағаш отырғызу экологиялық акциясына қатысты. Бұл іс-шараның мереке қарсаңында өтуі символикалық мәнге ие болды. Себебі ежелден: «Ер адам ағаш отырғызуы, үй салуы және бала тәрбиелеуі…
-

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Семей қаласындағы Жеңіс саябағында орналасқан «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, майдан даласында қаза тапқан боздақтар рухы бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Тағзым ету шарасына Абай облысының әкімі Берік Уәли, Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров, ардагерлер, әскери бөлімдердің сарбаздары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты іс-шара барысында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтілді. Тәртіп сақшылары мерекелік шараның жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп…
-

Футболды таңда — дұрыс жолды таңда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы аясында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, қосымша бақылауды қажет ететін жасөспірімдер үшін футбол матчын тамашалауды ұйымдастырды. Матчқа мыңдаған жанкүйер жиналды, ал жасөспірімдер үшін бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, командалық рухты, қолдауды және үлкен спорттың шынайы эмоциясын сезінуге…
-

Мереке күндері Абай облысының трассаларында қауіпсіздік бақылауы күшейтілді
Абай облысы аумағында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Бұл ретте тек қала ішіндегі көшелер ғана емес, қала сыртындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар да ерекше бақылауға алынды. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойы трассаларда қызмет атқарып, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін қадағалады. Әсіресе ұзақ…
-

Еуропа мен Орталық Азия арасындағы мәдени көпір: Прагада музыкалық-әдеби кеш өтті
Прагадағы тарихи Лобковиц сарайында «Батыс пен Шығыстың поэзиясы мен музыкасы – Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейін» атты музыкалық-әдеби кеш өтті. Іс-шараны Германия Федеративтік Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Kulturbrücke Eurasia коммерциялық емес ұйымының атқарушы директоры Айкен Айтбаймен бірлесіп ұйымдастырды. Еуропа мен Орталық Азия арасындағы мәдени байланыстарға арналған кештің өтуіне Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі мен жергілікті…
-

Спорт — жарқын болашақтың кепілі: полицейлер жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды
Абай облысында өткен жеңіл атлетикадан Абай облысының чемпионаты тек спорттық тартысқа ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Жарыс барысында қатысушыларға есірткінің қоғамға тигізер зияны мен оның адам өміріне әкелетін ауыр салдары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында спортшылармен кездескен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі…
-

Ақтөбеде мүгедектігі бар жандарға арналған бассейні, спорт залы және стационары бар оңалту орталығы салынып жатыр
Мекеме 150 орынға шақталған және кешенді медициналық әрі әлеуметтік оңалту қызметтерін көрсетуге арналған. Өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс алаңына барып, нысанның салыну барысы және атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысты. Орталықтың құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталған. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу және жабдықтарды толықтыру мәселелеріне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған еді. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін…
-

Ақтөбе облысында «Әлімбет» шекара өткізу бекеті жаңғыртылып жатыр
Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы «Әлімбет» шекара бақылау-өткізу пункті күрделі жаңғыртудан өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстары бекеттің қызметін тоқтатпай жүргізілуде. Жоба аясында әкімшілік ғимарат, инспекциялық тексеру кешендері, тереңдетілген бақылау ангары және қызметтік иттерге арналған арнайы панажай салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысандағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Су құбырын тарту жұмыстары да соңғы кезеңге жеткен.…
