Санат: Жаңалықтар
-

Энергетика министрлігінде семинар өтті
ҚР Энергетика министрлігінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Конституцияны түсіндіруге арналған тақырыптық сабақ өтті. Дәрісте 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Баяндаманы Заң қызметі департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ержан Ерсаинов жасады.Сабаққа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, оның ішінде Мұнай-газ саласын дамыту, Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті, Қоғаммен…
-

Жамбыл өңірінің шалғай ауылдарында тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде
Өңірдегі ауыл тұрғындарының баспана жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында 2024 жылы 6 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұған дейінгі кезеңде 10 үй салынған болатын, деп хабарлайды baq-orda.kz. Бұл бастамалар ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған…
-

Türk Dünyası Haber Kanalı «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының жабылу салтанаты туралы бейнерепортаж:
Türk Dünyası Haber Kanalı «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының жабылу салтанаты туралы бейнерепортаж: Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1210703?lang=kk
-

Математика, физика және информатика пән мұғалімдері арасында өткен XII шығармашылық байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Математика, физика және информатика пән мұғалімдері арасында өткен XII шығармашылық байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша: II орын Нургалиев Нұртас Аликович – Қоныс ЖОББМ, математика пәні мұғалімі Кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Грамота Ақпатер ЖОББМ, физика пәні мұғалімі “Ойшыл бағдарламашы” номинациясы Уразаев Төлеген Жанұзақұлы – Г.Молдашев атындағы ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Әріптестерімізді шын…
-

ТҮРКІСТАНДА «КҮЛТӨБЕ CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Күлтөбе Cup» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Сайыстың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын дәріптеу, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық таным мен құқықтық сауаттылықты дамыту. Сондай-ақ қоғамдағы қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторрингтік зерттеулер жүргізе отырып интеллектуалды…
-

Тазалық және сыйластық
Зираттың аумағында аумақты тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1210706?lang=kk
-

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Әрбір азамат өмірге келген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен үздіксіз байланыста болады. Баланың тууын тіркеу, білім алу, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмекке жүгіну, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – мұның барлығы азаматтардың мемлекетпен күнделікті қарым-қатынасының нақты көрінісі. Сондықтан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру…
-

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1210709?lang=kk
-

Тараз қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті
Жамбыл облысы Тараз қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, депутаттар, салалық сарапшылар және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті…
-

23 сәуір — Ұлттық кітап күні
Кітап — ұлттың рухани қазынасы, сананы серпілтіп, ойды тереңдететін асыл құрал. Әр оқылған кітап — жаңа көзқарас, әр жаңа ой — алға жасалған қадам.Әр кітап — бір сапар. Сол сапарға шығудан тартынба. Ұлттық кітап күні құтты болсын!Баршаңызға рухани байлық, сарқылмас білім және шабыт тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1210712?lang=kk
-

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі қостанайлық тұрғындар мен елдің барлық өңірлерінен келген қонақтарды біріктіреді. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ. Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады. Қонақтар алдында TED-форматында сөз…
-

«Менің Отаным – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:🔹 «Жақсылық керуені» номинациясында ІІ орын – «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушысы Толғатбек Берікжан;🔹 «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар және мәні» номинациясында ІІ орын – «Н. Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Оразбай Еркеназ;🔹 «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясында ІІІ орын – «Беген орта…
-

«Жасыл болашақ» сенбілігі Маңғыстаудың 12 мың тұрғынын біріктірді
25 сәуір күні Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ауқымды «Жасыл болашақ» сенбілігі өтті. Іс-шара өңір тұрғындарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына жұмылдырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қалалық ортаны жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігіне айналды. Сенбілікке Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Бағдарламаның негізгі бөлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен тікелей телемост форматында…
-

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел
2026 жылғы 28 сәуірде жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстелге қатысты. Іс шара барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушыларға…
-

Зират аумағын абаттандыру
Зираттар аумағын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1210718?lang=kk
