Санат: Жаңалықтар
-

Еңбек инспекциясы департаментінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ қатысуымен кеңес ұйымдастырылды
2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нің өңірлік өкілінің қатысуымен кездесу өткізді. Аталған кездесу Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ филиалдарының қатысуымен өткен кеңес отырысының тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды. Жиын…
-

«Аудандық жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы есебін бірреттік талдау
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекттік қызмет көрсететеін мамандарымен 2026 жылдың 15 сәуірінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы есебін бірреттік талдау жөнінде кеңес өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/1204340?lang=kk
-

Алматы облысында орман қоры ұлғаюда
Алматы облысының Кеген ауданы – қарағай өсіруден елімізде көш бастап тұрған аймақтардың бірі. Тау бөктерін жасыл-желекке бөлеген осындай сұлулықты сақтау үшін орман шаруашылығы қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі кезде орманшылардың діттеген басты мақсаты – жергілікті табиғатқа тән Шренк шыршасының санын көбейту, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Кеген орман шаруашылығы» КММ директоры…
-

Куала-Лумпурдағы Наурыз: достық пен қазақ дәстүрлерінің жарқын мерекесі
Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі Пенангтағы Қазақстанның Құрметті консулы Луис Нгтің қолдауымен Куала-Лумпурда Наурыз мерекесіне арналған ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға 200-ден астам қонақ қатысты. Олардың қатарында қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, Малайзияның мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Малайзиядағы елшілері болды. Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Наурыздың жаңару,…
-

Қазақстан халықаралық оқушылар сайыстарының жетекші білім хабына айналуда
Қазақстан халықаралық білім және ғылым кеңістігіндегі позициясын нығайтып, оқушыларға арналған беделді олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың өңірлік әрі халықаралық орталықтарының біріне айналуда. Бұл үрдіс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған білім мен ғылымды ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі болып табылады. Мемлекеттік стратегиялар аясында елімізде дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылыми-зияткерлік әлеуетін дамыту…
-

«Қазақконцерт» сахнасында «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі аясында мерейтойлық кештер өтеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі аясында мерейтойлық кештер өтеді. Бағдарлама қазақтың дәстүрлі өнеріндегі айтулы тұлғалардың мерейтойларымен сабақтасып, олардың шығармашылық мұрасын кеңінен танытуға бағытталған. Ұлттық өнер мерекесінде өтетін негізгі іс-шаралардың бірі – жырау, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 70 жылдығына арналған «Біздің жәрмеңке – жыр-дастан»…
-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау
«Алматы» ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара «Алматы» ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Абылайхан Ғабитұлының төрағалығымен өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков және департаменттің бас маманы Акерке Айтуева қатысты. Кездесу…
-

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі. Сондай-ақ форум жұмысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед…
-

ШҚО делегациясы Қытайда білім беру саласындағы семинарға қатысуда
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы халықаралық білім беру семинарына қатысу үшін Қытай елінің Карамай қаласына келді. Бағдарлама Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы әріптестік шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Делегация құрамына бизнес, IT-сектор, колледждер және креативті индустрия өкілдері кірді — бұл өңірдің цифрлық болашағын қалыптастырып жатқан мамандар. Бес күн бойы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытайдан келген қатысушылар заманауи…
-

2026 жылы Айыртау ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және саланы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған Семинар-конференция.
10 сәуірде аудандық мәдениет үйінде 2026 жылы Айыртау ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және саланы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған семинар-конференция өтті. Іс-шара аясында аграрлық сектордың жетістіктері мен мүмкіндіктері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Осыдан кейін аудан әкімі М.Ж. Меңдібаевтың төрағалығымен аграршылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, ауылдық округ әкімдерімен және конференцияға шақырылған қатысушылармен кеңес өтті. Кездесу барысында…
-

Астанада жазғы веломаусым 25 сәуір күні бастау алады
Астанада 25 сәуір күні жазғы веломаусымның ресми ашылуы өтеді. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Ашылу аясында қалада велошеру өтеді. Маршруттың ұзындығы – 21 шақырым. Оған қатысушылар веложолдың айналма бағытымен Қосшы бағытында жүріп өтіп, Үркер тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді. Қатысушыларды…
-

“Қайсар арена” стадионында QJ лига ойындарының мыңыншы матчы өтті
Сол жағалаудағы “Қайсар Арена” стадионында облыс әкімдігі және Freedom QJ лигасының ұйымдастыруымен қызылордалық “Қайсар” және қостанайлық “Тобыл” командалары арасында QJ лига ойындарының мыңыншы тарихи матчының ашылу салтанаты өтті.Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры, Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, Freedom QJ League президенті Рохус Шох қатысты.Данияр…
-

Аршалы ауданында өскелең ұрпақ үшін маңызды кездесу өтті
Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін әлемдік рекорд иегері, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, қоғам қайраткері, меценат және актер Сергей Цырульников аудан мектептеріне арнайы барды. Сапар барысында ол екі мектепте болып, оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, биік…
-

Маңғыстау облысында еңбек инспекциясы департаментінде қызметтік жиналыс өтті
2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде ұжым қызметкерлерімен жиналыс өтті. Жиналысты департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов жүргізді.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау,…
-

Абаттандыру жөніндегі штаб отырысы
15 Сәуірде Володар ауылдық округінің әкімі Д.Ж.Бестаев абаттандыру жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Оған Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г.А.Әбілқайырова, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Б. Н. Жантілеуов, штаб қатысушылары қатысты. Ауылдық округ әкімі осы лауазымда екі ай бұрын өз жұмысын бастағанына қарамастан, ол 2026 жылдың 1 тоқсанында ауыл әкімдігінің қызметі туралы толық есеп берді. Данияр Жанболатұлы…
