Санат: Жаңалықтар
-

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЕСКЕРТКІШКЕ ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазалы ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жанкент» қалашығына арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай өткізілді. Пресс-турды Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Рахманбергенова Қарлығаш, Қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Жұмахмет Бақытбек және Жанназарова Сапура, аудандық денешынықтыру,…
-

ІІМ концерт билеттерін сатып алу кезіндегі алаяқтық қаупі туралы ескертеді
Ішкі істер министрлігі азаматтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу кезінде мұқият болуды ұсынады. Интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін. – Ішкі істер министрлігі концерт билеттерін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертеді. Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ…
-

Қазақстан Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілетуде
Исламабад, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералдық су ресурстары министрі Миан Мухаммад Муин Ватту және су ресурстары мәселелері жөніндегі Пәкістанның арнайы өкілі Сайед Мухаммад Мехар Али Шахпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады. Су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында практикалық өзара іс-қимылды…
-

Aqmola Invest-та инвесторларды қорғау жөніндегі жаңа шаралар қаралды
Aqmola Invest кеңсесінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен инвестициялар және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен кеңес өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сабит Нұрлыбай, облыстық прокуратура өкілдері, индустриялық аймақтар…
-

«Заң мен тәртіп» – Жедел кеңестегі негізгі басымдық
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы Жедел кеңес өткізіп, 2026 жылдың І тоқсанын қорытындылады. Жиынға департамент бастығының орынбасарлары, басқарма, қала, аудан басшылары және жеке құрам қатысты.Кеңес барысында өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі жан-жақты талқыланып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың ашылу деңгейін арттыру,…
-

Құйған ауылдық округінде “Құқықтық” кабинет ашылды !
ХАБАРЛАНДЫРУ!Құйған округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге…
-

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты…
-

Қазақстандық оқушылар EGMO қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадасында үш медаль жеңіп алды
Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді: Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің…
-

ІІМ отбасылық есірткі бизнесін жойды
Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі жеткізу арналары мен олардың таралуын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. – Есірткі қылмысына жақын туыстардың тартылу фактілері жиілеп келеді, яғни “отбасылық схемалар” қалыптасуда. Алматы қаласында екі ағайынды шамамен бір килограмм синтетикалық альфа-PVP есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Бұрын сотталған ағасы інісін қылмысқа…
-

Еңбекшіқазақ ауданында интернет және граффити арқылы есірткіні насихаттау дерегінің жолы кесілді
Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын интернет желісі арқылы насихаттау және қоғамдық орындарға жарнамалық жазбалар (граффити) салу дерегін анықтады. Анықталғандай, күдіктілердің бірі белгісіз кураторлардың нұсқауы бойынша есірткі түріндегі сыйақы алу үшін тыйым салынған интернет-ресурс туралы ақпаратты елді мекен аумағында граффити арқылы таратып отырған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ, бұл…
-

Интернет-алаяқтық: кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингте интернет – алаяқтық бойынша қылмыстық істердің өсім алу себебі мен оның алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар туралы айтылды. Интернет пен цифрлық технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын,…
-

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті. – Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. Осы мүмкіндікті пайдалана…
-

ҚҰРМЕТТІ МЕЙМАН ЖАНКЕНТ ТӨРІНДЕ
8 сәуір күні Өркендеу ауылдық округіндегі Киелі Жанкент шаhарына, Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми Қызылорда облысына іссапармен арнайы келіп көне қалашықтың тарихымен танысып, оң бағасын бірді. Құрметті қонақтар мен бірге Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Артаев Бақтияр Ғарифуллаұлы және…
-

МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
14 сәуір күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Сайқын ауылының тұрғыны бірнеше жыл ауыл шаруашылығы саласында, «Орда жұлдызы» газетінде, кино жүйесінде, кейіннен Сайқын селолық советіне депутат болып сайланып, селолық атқару комитетінің хатшысы болған Амангелді Мақсотов мерейлі 80 жасымен арнайы шаңырағына барып, құттықтады. Өз кезегінде Амангелді…
-

Еңбек пен кәсібилікке – жоғары баға
Облыс әкімі Мемлекет басшысының атынан бірқатар солтүстікқазақстандықтарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етті. «Бұл жетістіктер елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси жаңғырулар аясында айрықша маңызға ие. Осындай еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтардың арқасында еліміздің тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп, Әділетті Қазақстанды…
