Санат: Жаңалықтар
-

Қазақстанның жас сайлаушылар клубтары электоралдық мәдениетті жоғарылату бойынша өздерінің жобаларын алғаш рет таныстырды
«Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында алғаш рет Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының (ЖСК) мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында клубтардың мүшелері электоралдық мәдениетті жоғарылату бағытындағы жобаларын таныстырды. Кездесудің негізгі мақсаты сайлау комиссиялары мен жастар арасында тұрақты тікелей диалог орнату болды. Іс-шара барысында Клуб мүшелері жүзеге асырып…
-

Астанада Азия даму банкімен климаттың өзгеруі және орнықты даму мәселелері бойынша кездесу өтуде
Астанада Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Азия даму банкінің климаттың өзгеруі және орнықты даму мәселелері жөніндегі бас директоры Евгений Жуковпен кездесуі өтіп жатыр. Кездесу барысында вице-министр АДБ өкілінің Саммитке қатысуын құптап, Қазақстанның экологиялық және климаттық күн тәртібін ілгерілетудегі көпжылдық серіктестігі мен дәйекті қолдауы үшін алғыс білдіреді. Банктің институционалдық әлеуетті нығайтуға, сондай-ақ техникалық және…
-

Астанада Өңірлік экологиялық саммитте су саласын климаттың өзгеруіне бейімдеу мәселесі талқыланды
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында «Климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану: су үнемдеу, басқаруды цифрландыру және практикалық шешімдерді масштабтау» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараны Су ресурстары және ирригация министрлігі Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірлесіп ұйымдастырды. Пікірталасқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің су шаруашылығы ведомстволары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ халықаралық…
-

VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШЕШІМ 24 сәуір 2026 жыл № 40 Жаңаөзен қаласы VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 29 сәуір күні шақырылсын. VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз…
-

Консулдық қызметтерге арналған жаңа ЖИ чат-бот Telegram-да іске қосылды
Құрметті пайдаланушылар! Сіздерге Telegram мессенджерінде (@mfa_rk_bot) консулдық және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес беруге арналған жаңа ЖИ чат-боттың іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Бот ақпаратты тиімді әрі жедел тарату мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта жүйе сынақ режимінде жұмыс істейді, сондықтан оны одан әрі жетілдіру үшін сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз мыналарға:–…
-

Абай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттыу өткізу туралы
2026 жылғы 24 сәуірде Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп «Көктем-Антитеррор 2026» антитеррорлық оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ терроризм сипатындағы қауіптерге жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдардың дайындығын арттыру. Іс-шара барысында нақты жағдайларға барынша жақындатылған түрлі сценарийлер пысықталады.Оқу-жаттығу…
-

Ақтөбеде ауқымды көгалдандыру акциясы өтеді
25 сәуір күні Ақтөбе облысы республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылады. Ақтөбе қаласында негізгі іс-шаралардың бірі сағат 10:00-де «Триатлон» паркі аумағында өтеді. Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Триатлон» паркінде ағаш отырғызу жұмыстарына шамамен 600 адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер, жастар және экологиялық мәдениет пен абаттандыруды қолдайтын қала тұрғындары…
-

«Таза Қарақия» жол бойындағы аумақтарды ретке келтірді
Қарақия ауданында санитарлық тазалық пен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бір көрінісі ретінде Құрық-Ақтау тас жолы бойында орналасқан автотұрақ аумағында кең көлемді тазалық шаралары ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарды «Таза Қарақия» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері жүргізді. Мамандар жол бойындағы автотұрақ орындарын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтіріп, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға шығарды. Жол бойындағы автотұрақтар-жолаушылар…
-

Мерейің үстем болсын, жас талант! 🏆
Мерейің үстем болсын, жас талант! 🏆 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленген 7-сынып оқушысы Кәрімбек Айбар және оның жетекшісі Күнай Кулмайра шын жүректен құттықтаймыз! Облыс деңгейіндегі додада топ жарып, білімімен даралану — үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жеңіс — шәкірттің ізденісі мен ұстаздың төккен терінің жемісі.…
-

Заң мен тәртіп: Ақтөбеде дрондар көмегімен бір аптада ондаған құқық бұзушылық тіркелді.
Ақтөбеде дрондар көмегімен бір аптада ондаған құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалану бүгінгі таңда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының біріне айналды. Ақтөбе қаласының патрульдік полициясы бұл технологияны қызмет барысында белсенді түрде қолдануда. Мамандардың айтуынша, дрондарды пайдалану бақылау ауқымын кеңейтіп,…
-

Ауыл дамуы – басты назарда: Мәртөктің жаңа мүмкіндіктері
Мәртөкте өңір басшысы жуырда ашылған өнер мектебі мен өрт сөндіру депосын да аралап, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және жұмыс жағдайларымен танысты. Сапар барысында ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуының алдағы бағыттары талқыланды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде ауылдық аумақтарды дамыту және ауылдағы өмір сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қалаға жақын тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, Мәртөк ауданының одан…
-

Жергілікті қоғамдастық жиналысы
2026 жылғы 23 сәуірде Новодолинский кенті әкімінің аппаратында кент әкімі Е.С. Исатаевтың төрағалығымен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиыны өтті. Күн тәртібінде 2026 жылға арналған бюджетті нақтылау мәселелері, жергілікті қоғамдастық мүшелері су құбыры желілерінің құрылысын жалғастыру, жоба аяқталғаннан кейін жолдарды қалпына келтіру, кентті газбен қамтамасыз ету, кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау, аула аумақтарын абаттандыру және ағаштарды санитарлық кесуге…
-

Ұлттық кітап күні
2026 жылдың 23 сәуір күні Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылдық округі Жамбыл атындағы орта мектебі Қазақстан Республикасында аталып өтетін «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай білім беру ұйымында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында кітапханашы С.Жусыпбаева танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбие берудегі…
-

Кітапхана – шығармашылық алаңы
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де қала тұрғындары мен қонақтарына Ұлттық кітап күні аясында «Кітапхана – шығармашылық алаңы» атты мерекелік шара «Кітапхана түні» акциясы өткізілді. Мерекелік кештің ашылу салтанатында Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылып отырған «Кітапхана түні» биыл ерекше мазмұнға ие екендігі, себебі бұл кеш Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 50 жылдық мерейтойы және жаңадан…
-

2026 жылдың 23 сәуірінде Департамент басшысы Нұрлан Шерьязданов “Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті” КММ түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
2026 жылдың 23 сәуірінде Департамент басшысы Нұрлан Шерьязданов медицина факультетінің түлектерін медициналық-әлеуметтік сараптама сарапшылары ретінде жұмысқа тарту мақсатында “Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті” КММ түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер, функционалдық міндеттер туралы түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1207939?lang=kk
