Санат: Жаңалықтар
-

ШҚО полицейлері батылдығы мен ерлігі үшін Президенттің жоғары наградаларымен марапатталды
ШҚО полицейлері батылдығы мен ерлігі үшін Президенттің жоғары наградаларымен марапатталды Отан қорғаушылар күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлері қызметтік борышына адалдығы, жанқиярлығы мен көрсеткен батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан берілетін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. ШҚО ПД Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Өмірбекұлы Руслан «Айбын» орденімен марапатталды. Ол Өскемен қалалық…
-

Алдабергенов ауылдық округінде “9 мамыр – Жеңіс күні” мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.
Алдабергенов ауылдық округінде “9 мамыр – Жеңіс күні” мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Шара барысында ҰОС ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі, округ белсенділері мен тыл еңбеккерлерін округ әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі болып қонақтарға мерекелік концерт қойылды. Шара аяқталған соң округ әкімі мен әкімшілік ұжымы мерекелік шараға келе алмаған тыл еңбеккерлерін…
-

Қазақстанда сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталуда
Елде білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Аталған тізімге сұранысқа ие 50-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар бар. Тізімге енгізілген мамандықтар бойынша шетелдік жоғары білікті кадрларға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тетік басым бағыттарға қажетті…
-

24 мамыр күні «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль өтеді
24 мамыр күні Ақтөбе қаласы дәм мен дәстүрге толы мереке ортасына айналады. Қаладағы «Астана» саябағында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль өтеді. Келуші қонақтарды таңғы 11:00-ден бастап ұлттық рух пен хош иіске толы атмосфера күтпек. Күн бойы жалғасатын мереке кешкі 17:00-ге дейін Ақтөбенің аграрлық дәстүрі мен заманауи гастрономиялық мүмкіндігін тоғыстырады. Сонымен қатар, «Әнім сенсің…
-

Мұнайлы ауданында бір аптада 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері 2026 жылғы 1–7 мамыр аралығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Аталған кезеңде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген рейдтік және профилактикалық шаралар нәтижесінде жалпы саны 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:🔹 көлік құралын масаң күйде басқарған — 4 жүргізуші;🔹 жол қозғалысы…
-

Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі – Берн одағының пленарлық отырысына қатысты. Форум алғаш рет Орталық Азия өңірінде өткізіліп отыр. Отырыс жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысуда. Олар – жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов…
-

«Заңға қолжетімділік» ашық есік күніне шақырамыз!
Тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беріледі.Іс-шара барысында отбасылық дау, алимент, әлеуметтік төлемдер, азаматтардың құқықтарын қорғау және басқа да заң мәселелері қарастырылады. Күні: 13 мамырУақыты: 10:00Мекенжайы: Исатай Махамбет көшесі, 84(Халыққа қызмет көрсету орталығы) Заңды білу — өз құқығыңды қорғаудың кепілі! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1217875?lang=kk
-

Мүгедектік және оңалту мәселелері бойынша семинар
2026 жылғы 8 мамыр Департаменттің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.Н. Карабекованың ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарға №5 қалалық калалык емхананың, Шипагер-С ДКК дәрігерлері қатысты. Іс-шара барысында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыруды бетпе-бет және сырттай проактивті форматта жүргізу, сондай-ақ пациенттерді куәландыруға, оның ішінде 7 жасқа толған балаларды уақтылы жолдау мәселелері қаралды. Сонымен қатар,…
-

ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында VIII шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихатының кезектен тыс LI (51) сессиясы өтеді. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі: «2025 жылға арналған Ақтоғай ауданы бюджетінің атқарылуы туралы». «2025 жылға арналған Ақтоғай ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы». Баяндамашы: Ақтоғай ауданы қаржы бөлімі басшысының…
-

Көктемгі егіс: Жетісуда ауыл шаруашылығы дақылдарының 90% жуығы себілді
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 511,8 мың гектар. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының 89%-ы егілді, ал қант қызылшасын егу жұмыстары толық аяқталды. Жалпы өңірдегі егіс жұмыстары 1 маусымға дейін толық аяқталады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жоспарланған 70,6 мың тонна тыңайтқыштың бүгінгі күнге 50,2…
-

Қарағанды облысында қымызға арналған ауқымды гастрофестиваль өтеді
Қымыздың аңқыған хош иісі, күмбірлеген домбыра үні, қолөнер бұйымдары көмкерген көрме қатарлары мен тігілген ақ шаңқан киіз үйлер — биыл жазда Қарқаралы қазақтың бай мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптейтін үлкен мерекенің ордасына айналмақ. Қарағанды облысында алғаш рет ұлттық тағамдарға арналған «BaiQymyz» өңіраралық гастрофестивалі өтеді. Ауқымды шара қазақтың дархан даласының символына айналған қасиетті сусын — қымызға арналады.…
-

Павлодар облысында мектеп парламенттері президенттері анықталды
2026 жылғы 12 мамыр күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында Павлодар облыстық «Үздік мектеп президенті – 2026» жобасының финалы өтті. Іс-шараны «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының облыстық штабы ұйымдастырды. Финалдық кезең облыс бойынша мектепішілік өзін-өзі басқару жүйесінің ең белсенді, бастамашыл және талантты көшбасшыларын біріктірді. Шешуші кезеңге жыл бойы өздерін белсенді ұйымдастырушы, қоғамдық іс-шараларға қатысушы және оқушылар…
-

Павлодарлықтар Ұлы Отан соғысында қаза болған жандарды еске алды
Павлодарда Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аталып өтілуде. 9 мамырдың таңы Жеңіс саябағында ұйымдастырылған «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты реквием-митингтен басталды. Даңқ ескерткіші мен Мәңгілік алауға майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алып, тағзым ету үшін мыңдаған қала тұрғыны жиналды. Павлодарлықтар соғыс қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тыныштықта метроном үні естіліп, одан кейін алаңда…
-

Ескерткіш стелалар мен мемориалдарға гүл қою рәсімі өтті
Ауданда Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш стелалар мен мемориалдарға гүл қою рәсімі өтті. Еске алу рәсіміне аудан ардагерлері, ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары, мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, жеңімпаз ардагерлерімізге бейбітшілік пен бостандық үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1217834?lang=kk
-

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі бойынша өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер аудан әкімінің бақылауында болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1217835?lang=kk
