Санат: Жаңалықтар

  • Қазақстан ХЭО Кеңесінің отырысы шеңберінде ресми қабылдау өткізді

    Қазақстан ХЭО Кеңесінің отырысы шеңберінде ресми қабылдау өткізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Женева, 2026 жылғы 8 мамыр – Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Кеңесі отырысының шеңберінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі ресми қабылдау ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстанның 2027–2030 жылдарға арналған ХЭО Кеңесіне кандидатурасын және Ризат Нуршабековтың Радиорегламент комитетіне қайта сайлануын қолдау мақсатында өткізілді. Іс-шараға ХЭО Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин, Бас хатшының орынбасары Томас Ламанаускас, ХЭО Кеңесінің мүше…

  • ҰЛЫ ЖЕҢІС – ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    ҰЛЫ ЖЕҢІС – ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    4 жылға созылған қанды майданда от кешіп, кеудесін оққа тосқан ардагерлердің ерлігі — ел жадында мәңгі сақталатын өшпес тарих. Соғыс зардабы адамзатқа орны толмас қасірет әкелсе, батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен отансүйгіштік рухы бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге, қасиетті аманат болып қала бермек.Ордабасы ауданының орталық саябағында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр –…

  • ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    🔱 Бүгін 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей тыл ардагері Кембіл Айжанбек Тұрлыбекұлының шаңырағына арнайы барып мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. 🔱 Кембіл Айжанбек Тұрлыбекұлы 1932 жылы Сарыағаш ауданына қарасты Келес ауылында дүниеге келген. 1935 жылы отбасы Боген ауылына қоныс…

  • «HUATING BIOTECHNOLOGY» ЖОБАСЫ МАУСЫМ АЙЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ӨТЕДІ

    «HUATING BIOTECHNOLOGY» ЖОБАСЫ МАУСЫМ АЙЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ӨТЕДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан ірі өндірістік жобалардың бірі – «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» ЖШС-нің сүйектен май және желатин компоненттерін өндіретін зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құны 9 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда нысанды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз…

  • Венеция халықаралық биенналесі аясында Қазақстан павильоны ашылды

    Венеция халықаралық биенналесі аясында Қазақстан павильоны ашылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Венецияда қазіргі заманғы өнердің 61-ші халықаралық биенналесі аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны ашылды. «Qoñyr: Тыныштық архиві» деп аталатын қазақстандық жоба қазіргі заманғы өнер тілі арқылы естелік, тыныштық, мәдени үздіксіздік және тарихтың ішкі ырғағын зерттейді. Павильон ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі…

  • Қазақстанның Италиядағы Елшісінің Венето өңіріне жұмыс сапары

    Қазақстанның Италиядағы Елшісінің Венето өңіріне жұмыс сапары

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Венето, 2026 жылғы 6–8 мамыр – Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшісі Ерболат Сембаев Италияның солтүстік-шығысында орналасқан және халық саны бойынша елдің төртінші аса ірі өңірі саналатын Венето өңіріне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында Елші Венециядағы 61-ші қазіргі заман өнерінің халықаралық биенналесі аясында Қазақстан павильонының ашылуына қатысып, өңір президенті Альберто Стефанимен кездесу өткізді және Вальдоббьядене қаласына…

  • Қазақстанның Италиядағы Елшісі Триест қаласындағы Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

    Қазақстанның Италиядағы Елшісі Триест қаласындағы Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Триест қаласы, 2026 жылғы 8 мамыр – Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Екінші дүниежүзілік соғыста Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық армиясының 36 қазақстандық жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға жергілікті билік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Елші Е.Сембаев іс-шараға қатысушыларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің…

  • Таразда жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба іске қосылады

    Таразда жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба іске қосылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Облыс орталығында экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, экономиканың нақты секторына инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта 2023-2025 жылдары 50,9 млрд. теңгеге 19 ірі жоба іске қосылып, осы жобалардың аясында 1 039 жаңа жұмыс орыны құрылды. Ал, ағымдағы жылы жалпы құны 5,2 млрд. теңге болатын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылып,…

  • Ұлы Жеңіс күнімен!

    Ұлы Жеңіс күнімен!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн — сұрапыл соғыста құрбан болған миллиондаған боздақтардың рухына тағзым ететін қасиетті еске алу күні. Біз Отан үшін жан қиған қаһармандардың өлшеусіз шығыны мен асқан ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Бұл — ортақ қайғы мен шексіз мақтаныш тоғысқан сәт. Ардагерлеріміздің қасиетті борышын жадымызда сақтап, бейбітшіліктің қадірін келесі…

  • АҚШ қоғамы «Passport DC» фестивалінде қазақ халқының дәстүрлерімен танысты

    АҚШ қоғамы «Passport DC» фестивалінде қазақ халқының дәстүрлерімен танысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 2 мамыр – Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі жыл сайын өткізілетін «Passport DC» фестиваліне қатысып, 5300-ден астам қонаққа есігін ашып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстырды. Қазақстан АҚШ астанасында өткен, қаланың дипломатиялық қауымдастығының халықаралық мәдени әртүрлілігіне арналған фестиваль аясында өз мәдениетін таныстырған 70-тен астам мемлекеттің бірі болды. Іс-шара барысында қонақтар қазақтың дәстүрлі…

  • Қазақстандық компаниялар АҚШ-та өз қызметін кеңейтуге қызығушылық танытуда

    Қазақстандық компаниялар АҚШ-та өз қызметін кеңейтуге қызығушылық танытуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Вашингтон, 2026 жылғы 3 мамыр – Қазақстан Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері арасында АҚШ Үкіметінің негізгі инвестициялық форумдарының бірі – SelectUSA Investment Summit алаңында «Strategic Sectors and U.S. Market Entry Opportunities» тақырыбындағы инвестициялық дөңгелек үстел ұйымдастырған алғашқы мемлекет болды. Іс-шараның негізгі бағыты қазақстандық компаниялардың АҚШ нарығына шығу мүмкіндіктерін ілгерілету және америкалық экономикаға инвестициялар тарту…

  • Жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы Орта державалардың рөлі: Қазақстан тәжірибесі

    Жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы Орта державалардың рөлі: Қазақстан тәжірибесі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 8 мамыр – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов «AI&Expo» конференциясы аясында өткен «Future Resilience Forum» панельдік пікірталасына қатысып, қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы тұрақтылық мәселелері жөнінде сөз сөйледі. Пікірталасты британдық саяси стратег әрі «Future Resilience Forum» негізін қалаушы Фиона Хилл жүргізді. Талқылауға сондай-ақ сарапшы Барбара ДеЛео мен…

  • Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!  Қадірлі отандастар!

    Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Қадірлі отандастар!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын! Баршамыз бұл мерекені 1941–1945 жылдардағы соғыс кезінде Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалған халықтың ерлігі, қайсар рухы мен асқақ жігерінің символы ретінде қабылдаймыз. Ол миллиондаған адамдардың теңдессіз қаһармандығы, төзімділігі мен жанқиярлығының үлгісі ретінде тарих беттеріне өшпестей жазылып қалды. Біз бұл күні майданда шайқасқан және тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатқан жандарды ерекше…

  • Сіздерді 9 Мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Сіздерді 9 Мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 9 Мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл қасиетті мереке Жеңіс ұрпағының ерлігі мен қайсарлығын, өлшеусіз жанқиярлық еңбегін еске салады. Біз бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен қаһармандардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін зор құрметпен еске аламыз. Әр шаңыраққа бейбітшілік, береке мен татулық тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын! Естен шығармаймыз.…

  • Косшыда 1500 орындық жаңа мектеп салынады

    Косшыда 1500 орындық жаңа мектеп салынады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қосшы қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Тұрғындар үшін маңызды жобалардың бірі – 1500 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп құрылысы болмақ. Жоба қаладағы оқушы орындарының жоғары сұранысына байланысты жүзеге асырылып, қолданыстағы мектептердегі жүктемені азайтуға бағытталған. Жаңа білім беру нысаны оқушыларға қолайлы жағдай жасап, заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Төрт қабатты мектептің жалпы…