Санат: Жаңалықтар
-

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов «Қайсар- Аренада» өткен қостанайлық “Тобыл” мен жергілікті “Қайсар” футбол клубтары арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының матчын тамашалады. Ойын алдында аймақ басшысы жергілікті футболшылармен кездесіп, ізгі тілегін білдірді. Қайсарлықтар Мұрат Нәлқожаұлына қолдауы үшін алғыс айтып, клуб атынан естелік сый-сияпат табыстады. Тартысты матч нәтижесі…
-

Жаз, су және сенің қауіпсіздігің
Жаз, су және сенің қауіпсіздігің Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-kyzylzhar/press/news/details/1221974?lang=kk
-

Жыл басынан бері 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 101,3 мың адам қамтылып, 140,8 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Мемлекет халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және халықты қолдауға арналған…
-

DOSTI Skills Kokshetau 2026 халықаралық чемпионаты 5 елдің қатысушыларын біріктірді
Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орайластырылған DOSTI Skills Kokshetau 2026 чемпионаты кәсіптік білім беру өкілдерінің, Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясынан келген сарапшылар мен жас мамандардың, сондай-ақ Қазақстанның 15 өңірінен келген командалардың басын қосты. 61 қатысушы «Электроника», «Автономды мобильді робототехника», «Прототиптеу» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері» құзыреттіліктері бойынша бақ сынайды. «Біздің өңірде білікті кадрлар даярлауға,…
-

ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ
2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы ел болды. Жоба су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны толық ауқымда іске асыру 2026 жылғы 17 мамырда басталады.…
-

♟️ 2026 жылғы 17 мамырда III ашық Senat Open шахмат кубогының ширек финалының салтанатты ашылуы өтті.
♟️ 2026 жылғы 17 мамырда III ашық Senat Open шахмат кубогының ширек финалының салтанатты ашылуы өтті. Турнир Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген шахмат әуесқойларын, мемлекеттік орган өкілдерін, қоғам қайраткерлері мен ардагерлерді бір алаңға біріктірді. Бейімбет Майлин ауданынан аталған шараға аудан мәслихатының VII шақырылымының экс-депутаты Зейнелов Ерболат Еркинович қатысты. Senat Open — бұл тек спорттық жарыс қана…
-

Сайлаушылармен кездесу
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Медет Мұқатай Панфилов ауданының Қоңырөлең және Сарытөбе ауылдарында сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева және облыстық мәслихат депутаты Ризван Сакиова да қатысты. Кездесу барысында Гүлнар Тойлыбаева ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, сонымен бірге «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында сайлаушыларға берілген уәделердің…
-

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова қатысты.Кездесу барысында Қазақстанда импортты алмастыру және электронды өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың бірі – Nuctech компаниясының тексеру-өткізу жабдықтарын ел аумағында өндіру мәселесі талқыланды.Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту,…
-

Әлеуметтік көмектің атаулығы жасанды интеллект арқылы күшейтілуде
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаевтың айтуынша, учаскелік комиссиялардың қызметі мобильді қосымша енгізу арқылы автоматтандырылған. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңынан бастап тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың фотосуреттерін талдайтын және отбасының өмір сүру деңгейі мен мұқтаждық дәрежесін бағалайтын жасанды интеллект моделі енгізілді. Бұл ретте вице-министр аталған модельдің қазіргі таңда тек ұсынымдық сипатқа ие екенін атап…
-

Ақмола облысында «Жас ұрпақ» қозғалысының II облыстық слеті өтті
Ақмола облысында облыс прокуратурасының бастамасымен және өңірлік білім басқармасының қолдауымен құрылған «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелерінің II облыстық слеті өтті. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден астам бала жылдық жұмысты қорытындылау үшін «Сұңқар» сауықтыру кешеніне жиналды. Слет қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтады. «Қозғалыстың негізгі мақсаты – мектеп ортасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің…
-

Кызылорда каласында 7-8 сынып окушылары арасында волейболдан еткен Республикалык, Улттык мектеп лигасы ез маресіне жетті!
Кызылорда каласында 7-8 сыныпокушылары арасында волейболдан еткенРеспубликалык, Улттык мектеп лигасы ез маресіне жетті!Аталан жарыс жогары денгейде уйымдастырылып,тартыска толы кызыкты ойындар сыйлады.Кызылорда каласында еткен Республикалык, ·лттыкмектеп лигасында Костанай облысынын намысынСарыкел ауданынын командасы абыроймен корады.Жарыс корытындысы бойынша біздін команда уздік енер керсетіп, женімпаз атанып,І орынта иеболды!Осы зор жетістікпен спортшыларымызды,жаттыктырушыларды жене аудан жанкуйерлеріншын журектен куттыктаймыз!Жас спортшыларымызна алдаты жарыстарда…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.
Осы атқарылған жұмыстың арқасында түркі жұртының қасиетті қарашаңырағы саналатын Түркістан қаласы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге әзір екенін көрсетті. Президенттің айтуынша, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар көлік жолдарының сапасына, жасыл желегі мол көшелердің, саябақтардың тазалығына жоғары баға берген. Мемлекет басшысы облыс және қала әкіміне еліміздің ғана емес, тұтас өңірдің жауһары…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру 2026 жылғы 22 мамыр сағат 11:00-де Жетісу облысы Үшарал қаласы Д.Қонаев көшесі, 74, мекен-жайында (204 кабинет) Алакөл ауданы әкімі аппаратында, Үшарал қаласы және ауылдық округ әкімдерінің аппаратында және аудандық бөлімдерде қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне…
-

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ ӨТКІЗІЛДІ 2026 жылдың 12 мамыр күні Казталов ауданының 5 білім беру ұйымында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) бағытында тестілеу ұйымдастырылды. Мониторингке жалпы 62 оқушы қатысты. Оның ішінде: 4-сыныптардан – 34 оқушы; 9-сыныптардан – 28 оқушы. Тестілеуге қатысқан білім беру ұйымдары: – Қоныс ЖОББМ: 4-сыныптан – 9 оқушы, 9-сыныптан –…
-

Тоқмансай ауылының мақтанышы — Шахризат!🏆
Тоқмансай ауылының мақтанышы — Шахризат!🏆 Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Ерлік рухы – Сапура» атты тарихи-әдеби кеш өтті. Кеш барысында Тоқмансай негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Елеусіз Шахризат «Сапура» бейнесін сомдап шықты. «Әлдиден эпосқа дейін» атты аудандық батырлар жыры байқауының жеңімпазы. Өнерлі оқушымыздың алар асулары мен жеңісті күндері көп болсын! https://www.instagram.com/reel/DYUaUbQMA9N/?igsh=emlrdGFwOTljMTY1 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1221992?lang=kk
