Санат: Жаңалықтар
-

8-10 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми зерттеу жобалары мен шығармашылық байқауының аудандық кезеңі
Ағымдағы жылдың 13 мамырында 8-10 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми зерттеу жобалары мен шығармашылық байқауының аудандық кезеңі Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.Шығармашылық байқауға жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан оқушылар оң нәтиже көрсетіп, үздіктері анықталды:І-орын иегерлері:1) Жумабек Алуа Қ.Шайменов атындағы ЖББМ 8 сынып оқушысы. Жетекшісі: Бахриденова Зарина…
-

Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде IDSA қауымдастығымен кездесу өтті
Будапешт, 2026 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде халықаралық қатынастар мен дипломатия саласына қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін Халықаралық дипломатиялық студенттер қауымдастығының (International Diplomatic Student Association – IDSA) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның тарихы, сыртқы саясаттағы басымдықтары және Қазақстан–Мажарстан ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы таныстырды. Сонымен қатар, Елшіліктің күнделікті…
-

Ұлттық тағамдар Мажар гастрономия күнінде таныстырылды
Сольнок, 2026 жылғы 26 сәуір – Мажар аспаздар қауымдастығы «Étrend»-тің шақыруымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Сольнок қаласында өткен Мажар гастрономиясының V күні («Magyar Gasztronómia Napja») аясында ұйымдастырылған «Мажарстан тағамы 2026» («Magyarország Étele 2026») аспаздық байқауына құрметті қонақ ретінде қатысты. Аталған іс-шара Мажарстаның гастрономия саласының жетекші өкілдерін – аспаздарды, кондитерлерді, бармендерді,…
-

Жамбыл облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес жаңадан құрылған балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали тағайындалды. Эльмира Иниятқызы 1980 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті, қытай тілі» мамандығын тәмамдаған. 2002 жылы аталған оқу орнында «филология» мамандығы бойынша…
-

«Заңды өмір – жарқын болашақ»: Астанада профилактикалық іс-шара өтті
Астана қаласының прокуратурасы елорда әкімдігімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды өмір – жарқын болашақ» профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оған прокуратура, Ішкі саясат және Мәдениет басқармалары, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Психикалық денсаулық орталығы, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Еңбек мобильділігі орталықтары, «Адал жүрек» әлеуметтік жобасының басшылары қатысты. «Іс-шара барысында құқықтық,…
-

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ делегациясымен кездесті
2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдер делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуге Елшілер, Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды және Канаданың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдері мен АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі қатысты. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы, оның ішінде сайлау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады және…
-

Лицензияны қайта ресімдеуге қатысты
«ADCB» Ислам Банкі» АҚ-на және «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ-на ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар қайта рәсімделді. Агенттік Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 15 мамырдағы № Б-89 бұйрығына сәйкес, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия «ADCB» Ислам Банкі» АҚ қайта рәсімделіп, берілді. Бұл лицензия…
-

2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурстарының аудандық кезеңі ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурстарының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.Білім додасына аудан бойынша ең зерек деген 60 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми ізденістерін ортаға салып жүлделі орындарға ие болды.І-орын иегерлері:1) Серік Абдулазиз Ы.Алтынсарин атындағы ТМ (РО)…
-

Ащыбұлақ ауылдық округінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні кең көлемде аталып өтті
Ащыбұлақ ауылдық округінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні кең көлемде аталып өтті. Ұлы Жеңіс – батырлық пен елге деген адалдықтың мәңгілік символы. Майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен тылда табанды еңбек еткен ардагерлердің жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Ащыбұлақ ауылдық округінде 23 тыл ардагері бар. Олардың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Халқымызда:«Ерлік – елге…
-

Астанада ФАО-ның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті бағалау құралы (NEXT) бойынша практикалық тренингі өтуде
2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Астана қаласында ФАО-ның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті бағалау құралы — NEXT (NDC Expert Tool) бойынша практикалық тренинг өтуде. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен және Қазақстанның ұлттық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Тренинг Париж келісімінің талаптары мен Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) әдіснамасына сәйкес агроазық-түлік…
-

Шарлар алқабы мен Шерқала: ұрпақтарды біріктірген сапар
Өткен сенбі күні Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен азаматтық қорғау жүйесінің зейнеткер әйел қызметкерлері үшін өңірдің бірегей табиғи орындары — Шарлар алқабы мен Шерқала тауына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Сапарға шығу үшін департамент тарапынан автобус беріліп, қатысушыларға жайлы жағдай жасалды. Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар кең дала көріністерін тамашалап, ерекше пішінді…
-

Қазақстанның креативті индустриясы Афинада сән тілі арқылы таныстырылды
Афина, 2026 жылғы 16 мамыр – Қазақстанның Афинадағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық «KISVA» брендінің концептуалды сән көрсетілімі өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, шығармашылық индустрия, іскерлік орта, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ грек жұртшылығы қатысты. «Valley of Ants» коллекциясы көшпенді дала мәдениетінің кодтарына, ұжымдық жауапкершілік тақырыбына және өзара қолдау идеясына негізделген қазақстандық сәннің заманауи көрінісін ұсынды. Көрсетілімнің көркемдік…
-

Мүгедектікті белгілеудің негізділігін мониторингілеу және ерекше тетіктің пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс Zoom-конференциясы
2026 жылғы 18 мамырда медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімі басшысының м. а. Б.Н. Дандубаева облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларымен Zoom-конференция өткізді. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А.К. Бикенова және Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ана болу бөлімінің басшысы Г.Н. Шайсұлтанова қатысты. Кеңес барысында мүгедектікті белгілеудің…
-

Ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды
29 сәуір күні «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жүзеге асырып жатқан «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені» жобасы аясында Ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілді. Фестивальге қала мектептерінің командалары қатысып, түрлі этностардың дәстүрлері мен мәдениетін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын таныстырды. Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы оқушылардың дайындық деңгейінің өте жоғары болғанын…
-

Қарағанды облысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде
Жаздың басталуына санаулы күндер қалды. Өңір тұрғындары мен қонақтарының демалысы жағымсыз жағдайлармен көлеңкеленбеуі үшін Қарағанды облысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Алдағы маусымның басты басымдығы – жайлы әрі қауіпсіз демалыс. Қазірдің өзінде атқарылып жатқан жұмыстар: ✔️ жағажайлар мен демалыс аймақтары абаттандырылуда;✔️ туристік полиция жұмыс істеуде;✔️ қосымша бейнебақылау камералары орнатылуда;✔️ жаз мезгілінде Торанғалық…
