Санат: Қазақстан
-
ҚХР-дағы ҚР Елшісі Гонконг Әкімшілігінің Басшысымен оның ҚР-ға жұмыс сапары қарсаңында кездесу өткізді
Гонконг, 2026 жылғы 21 мамыр – Ағымдағы жылдың 1-3 маусымына жоспарланған Гонконг басшысының Қазақстанға тарихтағы алғашқы жұмыс сапары қарсаңында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар делегацияның Астанаға сапарының мазмұнды бағдарламасының дайындығын, соның ішінде Қазақстан…
-
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік жиынға азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Департаменттің жеке құрамы және құрметті қонақтар қатысты.Шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен…
-
Ақмола облысының прокуратурасы «Ашық есік күні» өткізді
Облыс прокуратурасы Абылай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен №21 орта мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізді. Іс-шара барысында прокурорлар қатысушылардың құқықтарын және қолданыстағы заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіріп, нақты құқықтық жағдайларды қарастырды. Оқушылар мен студенттерге прокуратура органдарының қызметі және қызметке орналасу тәртібі туралы бейнеролик көрсетіліп. Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы заңнама талаптары, сондай-ақ №19Нормативтік…
-
ЕАЭО техникалық регламенттерін іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібі жаңа редакцияда бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері 20 мамырда Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің жаңа редакциясын мақұлдады. Шешім халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелеріне қатысты. Ал олар болмаған жағдайда ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын ерікті негізде сақтауды қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттар қолданылады. Сонымен қатар шешім Одаққа мүше…
-
Шу теміржол колледжі студенттеріне қауіпсіздік талаптары түсіндірілді
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Шу теміржол колледжі» студенттерімен өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында студенттерге өрттің алдын алу шаралары, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылып, рұқсат етілмеген орындарда…
-
Сарысу ауданында қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Аудандық орталық аурухана мамандарының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары мен медицина саласы қызметкерлеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі саналатын лудоманияның, суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы жарастығын сақтау және есірткіге қарсы күрес тақырыптары кеңінен талқыланды. Кездесу барысында аурухана медбикесі Каликова Айсана лудомания мен есірткінің…
-
Екіайлық сенбілік жұмыстары жалғасуда.
Екіайлық сенбілік жұмыстары жалғасуда. Ауыл аумағын тазалау, абаттандыру және көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тұрғындар мен мекеме қызметкерлері сенбілікке белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1225099?lang=ru
-
Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашқалиев азаматтарды жеке қабылдауды Тимирязев ауылдық округінде келесі мекенжай бойынша өткізеді: Тимирязево ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 29, «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының ғимаратында. Сонымен қатар, 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 15:00-де азаматтарды жеке қабылдау Дмитриев ауылдық округінде келесі мекенжай бойынша өтеді: Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі, Дмитриевка ауылы, Мира көшесі, 4, мәдени-сауықтыру орталығының ғимаратында. Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің келесі байланыс нөмірлері арқылы жүзеге асырылады: 33-37-32, 8-707-968-27-66.
Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашқалиев азаматтарды жеке қабылдауды Тимирязев ауылдық округінде келесі мекенжай бойынша өткізеді: Тимирязево ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 29, «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының ғимаратында. Сонымен қатар, 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 15:00-де азаматтарды жеке қабылдау Дмитриев ауылдық округінде…
-
Меркі ауданында профилактикалық кездесу өтті
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен суицид пен лудоманияның алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында суицидтің себептері, психологиялық қолдаудың маңыздылығы және құмар ойындарға тәуелділіктің зияны түсіндірілді. Сонымен қатар қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және психологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Мұндай шаралардың мақсаты –…
-
Малайзия Қазақстанның ҰБТ сертификатын бакалавриатқа түсу үшін ресми түрде мойындады
Малайзияның Жоғары білім министрлігі қазақстандық ҰБТ сертификатын Малайзия университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау талаптарының қатарына енгізді. Оқу үдерісі ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, талапкерлерден IELTS, TOEFL немесе соларға баламалы халықаралық сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талап етіледі. Сонымен қатар, Малайзия университеттері қабылдау талаптары мен ҰБТ бойынша ең төменгі өту балдарын өздері белгілейді. Жоғары оқу орындары ішкі…
-
Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді
Жуалы ауданы ТЖБ мамандары Аудандық газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру сабағын өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда алғашқы іс-қимыл тәртібі және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта басқа да мекеме қызметкерлерімен жалғасатын болады. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225103?lang=ru
-
Кестеге сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының депутаты П. В. Казьмин азаматтарды қабылдады
Кестеге сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының депутаты П. В. Казьмин азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындары тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жүгінді. Барлық сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1225104?lang=ru
-
Өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдерімен профилактикалық жұмыс
2026 жылғы 18 мамырда «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы шеңберінде қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіруге және өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері және өкілдері арасында қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Спикер ретінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Б.Тойматаев «Конфессияаралық және этникааралық келісім» тақырыбында сөз…
-
ҚАЖ комитетінің төрағасы Жамбыл облысындағы мекемелердің жұмысымен танысты
Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Абай Серікұлы Қайырбеков және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Жамалбекұлы департаментке қарасты мекемелерде болды. Мониторингтік сапар барысында қонақтар мекемелердің материалдық-техникалық базасымен, сотталғандарды ұстау жағдайларымен және жүргізіліп жатқан…
-
Таразда «Қауіпсіз қала» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлері «Қауіпсіз қала» акциясы аясында Тараз көлік және теміржол коммуникация колледжінің студенттерімен қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымындағы су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері қамтылды. Іс-шара барысында мамандар өрттің туындау себептері, тұрмыстық электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, ашық отты…
