Санат: Қазақстан
-

Түркістан облысында көші-қон қызметінің І тоқсандағы жұмысы қорытындыланды
Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының жылдың І тоқсаны бойынша қорытынды жиналысы өтті. Жиынға облыс аумағындағы барлық полиция басқармалары мен бөлімдерінің көші-қон қызметі қызметкерлері қатысты Басқосуға Аида Смағұл төрағалық етті. Кездесу барысында көші-қон саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сарапталды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының…
-

«Титан» «Тобылды» шаң қаптырды, ал «Достар» «МКҚБ» -дан басым түсті: хоккей шайқасының тартысты бастамасы!
«Титан» «Тобылды» шаң қаптырды, ал «Достар» «МКҚБ»-дан басым түсті: хоккей шайқасының тартысты бастамасы! «ARLAN» спорт клубының қолдауымен тәртіп сақшылары арасындағы Республикалық турнирдің алғашқы ойын күні ресми түрде басталды. Конькилердің сықырлауы, ғаламат жылдамдық пен көрермендердің ыстық қошеметі! Бағдарламаны турнир қожайындары — ШҚО ПД «Титан» командасы мен Қостанай облысынан келген қонақтар — «Тобыл» командасы ашты. Шығысқазақстандық полицейлер…
-

ҚР РФ Елшілігі Мәскеу мектептеріне өз қорынан кітаптар сыйға тартты
Мәскеу мектептері Қазақстанның бай тарихымен, мәдениетімен таныстыратын кітаптарды ҚР РФ Елшілігінің қорынан сыйға алды. Акция Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне (23 сәуір) және алдағы Жеңіс күніне арналып ұйымдастырылды. Басылымдар Кеңес Одағы Батырларының, оның ішінде қазақстандықтардың есімдері берілген: №1912 Бауыржан Момышұлы атындағы, №1512 Әлия Молдағұлова атындағы, №1284 Наталья Ковшова атындағы, сондай-ақ №1571 мектепке берілді. Сыйға…
-

22 сәуірден бастап Абай даңғылының Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі участкеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары басталатыны туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады.
22 сәуірден бастап Абай даңғылының Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі участкеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары басталатыны туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1206565?lang=kk
-

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
«Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу» жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында «Syganaq» БО мен «Ишим» ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады.Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескерулерін…
-

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Басқарма басшысы Василий Алексеевич 2026 жылғы Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен елордалық спортшыларды арнайы қабылдады. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Гүлмарал Еркебаева, сондай-ақ Қатар мемлекетінің Доха қаласында өткен стендтік атудан Азия чемпионы Адель Садақбаева және олардың жеке бапкерлері қабылдауға қатысты. Жиын барысында Василий Левит спортшылардың халықаралық аренадағы…
-

Ербол Мырзабосынов таеквондодан әлем чемпионы атанған Айым Серікбаеваға құрмет көрсетті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жуырда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен таеквондодан (WT) юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында министр спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың жеңісі ел мерейін үстем ететін маңызды нәтиже екенін атап өтті. «Әлем чемпионатындағы жарқын жеңістеріңіз – барша еліміздің мақтанышы. Сіздердің табандылықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз халықаралық аренада Қазақстанның…
-

БЖСМ жаттықтырушыларына жаттықтырушы-оқытушы шеберлігінің біліктілігі үшін жалақыға қосымша ақы алуға қалай өтінім беру керек?
ҚР Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін түсіндірді. Үстемақы кімдерге беріледі? Біліктілікті арттыру курстарынан өткенБіліктілік тестін сәтті тапсырғанОқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізетін мамандарға. Қамтылатын ұйымдар: — Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) — Мамандандырылған БЖСМ — Олимпиадалық резерв мектептері Маңызды: Біліктілікті арттыру 5 жылда 1 рет өткізіледі. Өтінім…
-

Елордада 1 мамыр күні ауқымды спорттық фестиваль өтеді
Астана қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жазғы маусымның ашылуына арналған ауқымды спорттық фестиваль ұйымдастырылады. Шара елордадағы Триатлон паркінің жаңартылған жағалауында өтеді. Бағдарлама аясында бірнеше спорттық сайыс пен бұқаралық жаттығулар қарастырылған. Фестивальдің негізгі бөлігі – 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру сайысы. Сонымен қатар скандинавиялық жүріс және…
-

«Заң мен тәртіп»: Астанада туристерге арналған жадынамалар таратылды
Елордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының мамандары «Бәйтерек» монументінің маңында туристерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ететін жадынама таратты. «Біз арнайы жадынамалар дайындадық. Оларды Нұржол бульварында орналасқан «Бәйтерек» монументіндегі, сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының халықаралық терминалындағы туристік ақпараттық орталықтардан алуға болады», – деді «Astana Tourism» туризмді…
-

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов инвестициялық жобалардың іске асу барысымен танысты
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов елордадағы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өнеркәсіп әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаның іске асу барысымен танысты. Қалада жүзеге асырылып жатқан негізгі инвестициялық жобалардың орындалу кезеңдері, туындаған мәселелері және қосымша қолдауды қажет ететін бағыттары тұрақты бақылауда. Бұл жобалардың уақытылы іске асырылып, толық қуатында жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Әрбір…
-

«Заң мен тәртіп»: Астанада заңсыз орнатылған сауда павильондарын демонтаждау жұмысы жүріп жатыр
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп аудан аумағындағы заңсыз орнатылған сауда павильондарын демонтаждау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. «Бұл жұмыс көшедегі ретсіз сауданы жүйелеу, қала келбетін жақсарту және сауда нысандарын орналастыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы, 2025 жылы қала бойынша 225 заңсыз…
-

Кирилл Цуканов пен Олег Носков Каирде жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанып, Қазақстанды көш басына шығарды
Бұл күндері Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түсті. Әуелі тапаншамен 25 метрден оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Цуканов топ жарды. Отандасымыз финалда 581 ұпай иеленді. Жүлдегерлер, тапанша 25 м:1. Кирилл Цуканов (Қазақстан) 2. Радж Чандра (Үндістан) 580 ұпай3. Абхинав Дешвал (Үндістан) 578 ұпайТағы…
-

ИСЕСКО аясында Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелері талқыланды
Өңірлік экологиялық саммит–2026 аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ИСЕСКО-ның Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Мәлікпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы даму перспективаларын талқылады. Аида Балаева Қазақстан үшін мәдени мұраны сақтау мен оны халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға қатысудың айрықша маңызға ие екенін…
-

Ұлттық кітап күніне арналған кітап апталығына 200 мыңға жуық оқырман қатысты
Ұлттық кітап күніне арналған кітап апталығы аясында бүгін ел көлемінде соңғы күн «Кітап – достық амбассадоры» атауымен өтті. Бұл күн отандық әдебиетті шетел оқырманы арасында насихаттауға бағытталды. Кітап апталығының соңғы күнінде республика бойынша кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында шығармалары шет тілдерге аударылған қазақстандық авторлардың, сондай-ақ кәсіби аудармашылар мен баспагерлердің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда,…
