Санат: Қазақстан
-

Көпжылдық тәжірибе және іске адалдық
Қазыбаева Надира Қанапияқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 35 жыл еңбек өтіліне ие. 1986 жылдан бастап Талдықорған облысы Қапал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында қызмет атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының хатшысы болып жұмыс істейді.…
-

Майдан жолынан – ұрпақ жадындағы өнегелі ғұмырға
Майдан жолынан – ұрпақ жадындағы өнегелі ғұмырға Күршім ауылындағы Юрий Гагарин атындағы №1 орта мектепте Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Рахимов Құрмат Рахимұлына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл тағылымды шараның дәл Құрмат Рахимұлының есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбы жұмыс істейтін мектепте өтуінің өзіндік мәні бар. Өйткені оның өмір…
-

Су ресурстары және ирригация министрлігі 13 су қоймасын салу және 18 су қоймасын реконструкциялау жобаларын әзірлеп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Сенатының отырысына қатысып, онда қазіргі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы баяндады. Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасын реконструкциялау және 14,5 мың шақырым суару каналын жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда үш жаңа…
-

Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы өтті.
2026 жылғы 8 сәуірде Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы – Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылған аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясын өткізді. Сессия жұмысына Абай облыстық мәслихатының депутаттары – Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович, Майжанов Уәлихан Төкенұлы, Давыдович Олег Олегович, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Онлайн режимде Абай облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі – Арғынгазина Асель…
-

Қазақстан мен Чехия энергетика саласына арналған жабдық өндіретін бірлескен кәсіпорынды іске қосты
Астанада қазақстандық және чехиялық серіктестердің ынтымақтастығы аясында құрылған «ZVVZ-KZ» ЖШС жаңа өндірістік кәсіпорнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепеляк қатысты. Кәсіпорынның ашылуы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «ZVVZ Engineering, a.s.» компаниясы арасында 2025 жылғы 13 қазанда Прага қаласында қол қойылған…
-

Астанада халықаралық йога күніне орай ауқымды іс-шара өтеді
Астанада 21 маусым күні Халықаралық йога күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Жиын «Йога – салауатты ұзақ өмір сүру өнері» ұранымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік іс-шара 2014 жылы Үндістанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен, Қазақстанды қоса алғанда 177 мемлекет қолдаған және жыл сайын 21 маусымда атап өтілетін халықаралық бастаманың аясында өтеді.…
-

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 43-ші СЕССИЯСЫ
2026 жылғы 18 маусымда Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 43-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Сессия барысында Курчатов қаласы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Есепке сәйкес, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада оң динамика байқалады. 2026 жылдың бес…
-

Ақтөбе облысының жеті теміржол вокзалын жаңғыртуға 10,8 млрд теңге бағытталды
📌 Үкімет отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады. Аймақтың негізгі ірі тораптары жоғары дайындық сатысында. Мәселен, Шалқар вокзалындағы құрылыс-монтаждау іс-шаралары 78%-ға аяқталды. ол осы жылдың шілде айында жоспарлы пайдалануға берілмек. Ақтөбе орталық вокзалында жұмыстар 75%-ға орындалды, ал Қандыағаш вокзалында жұмыстар 53%-ға бағаланды. «Модернизациядан өтіп жатқан 7 вокзалдың 4-еуі шағын…
-

Мамандыққа адал қызмет етудің үлгісі
Қадырова Жеңіскүл Мәдениетқызы – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы. Ол 1988 жылдан бері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде еңбек етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Көп жылғы адал еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1243195?lang=ru
-

KazAID: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сенім шаралары – пәрменді
Астана, 2026 жылғы 17 маусым, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (Азиякеңес – АӨСШК) хатшылығында Азиякеңес хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Азиядағы аймақтық ұйымдардың атқарушы құрылымдарының дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2006-2008 жж Азиякеңес хатшылығының тұңғыш атқарушы директоры болған Жандос Асанов қатысты. Өз сөзінде…
-

Көпжылдық еңбек пен мамандыққа адалдық
Сүйікұлова Майгүл Жаңғылышқызы 1991-2023 жылдар аралығында санитариялық-эпидемиологиялық қызметте дәрігер болып жұмыс істеді. Еңбек жолында өзін жоғары кәсібилігімен және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман ретінде көрсетті. Қазіргі уақытта рұқсатнама бюросының инспекторы қызметін атқарады. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталған. …
-

Целиноград ауданында Медицина қызметкерлері күні жоғары деңгейде атап өтілді
Целиноград аудандық мәдениет үйінде адам өмірі мен денсаулығының қорғаны саналатын ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда Целиноград ауданында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде биылдың өзінде ауданның 16 елді мекенінде…
-

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!
ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ! Есірткі – адамның денсаулығына, психикасына және болашағына қауіп төндіретін зиянды зат. Оның бір реттік қолданылуының өзі тәуелділікке алып келіп, отбасы мен қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуы қажет. ✅ Салауатты өмір салтын таңдаңыз;✅ Спортпен және пайдалы істермен айналысыңыз;✅ Күмәнді ұсыныстардан…
-

Асхат Шахаров Сарат тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Әйтеке би ауданы сапары Сарат ауылында жалғасты. Ауыл шағын, мұнда бар болғаны 89 үй бар және 475 адам тұрады. Саратта мектеп, балабақша, амбулатория, ауылдық клуб және кітапхана жұмыс істейді. Елдімекеннің тұрмыс-тіршілігімен танысқан Асхат Шахаров сараттықтарды толғандыратын қандай мәселелер бар екенін білді. Тұрғындар жеке қосалқы шаруашылық пен ауыл шаруашылығын есебінен…
-

Аудандық мәслихаттың отырыстары
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Қарғалы ауданында аудандық мәслихат депутаттарының, ауылдық округ (ауыл) әкімдерінің, қоғамдық, БАҚ, мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің және аудан әкімдігі бөлімдері басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және кезекті сессиясының отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың отырысында салық салынатын базаны ұлғайту және бюджеттің кіріс бөлігін атқару бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселе қаралды, сессияда 2025 жылғы бюджеттердің…
