Санат: Қазақстан
-

Ермек Кенжеханұлы Жетісу және Алматы облыстарындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Алматы және Жетісу облыстарына барып, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, көктемгі дала жұмыстары барысымен, сондай-ақ шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғаныс шараларымен танысты. Осы ретте вице-министр Алматы облысындағы аграрлық және қайта өңдеу саласындағы бірқатар ірі нысандарды аралады. Атап айтқанда, «Генофонд» серіктестігінде болды. Кәсіпорын басшысы Махан Төлемісов 800…
-

🔈ҚАЗТЕСТ – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған жүйе.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1224681?lang=ru
-

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістандағы жаңа этно-туристік кешенде келелі басқосу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлерімен, жастарымен және белсенді азаматтарымен кездесті. Алқалы жиын барысында, алдымен, облыс басшысы өңірдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар жуырда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті қорытындысына тоқталып, өңірдің…
-

Азаматтардың қауіпсіздігі әркез бақылауда
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Жиында жаз мезгілінің басталуына байланысты азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кеңінен қаралды. Жаз айларында тұрғындардың өзен-көлдер мен су айдындарына баруы жиілейтіндіктен, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Аудан…
-

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ А КОМИТЕТІНЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТТІ
Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы тарихында алғаш рет ДДҰ Ассамблеясының А комитетіне басшылық етті. Бұл – денсаулық сақтау саласындағы жаһандық саясаттың негізгі мәселелерін қарайтын екі маңызды комитеттің бірі. А комитетінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сайланды. Қазақстан төрағалығы аясында комитет пандемияларға дайындық, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, денсаулық сақтау жүйелерінің…
-

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру…
-

Ақтөбе облысында тағы бір ауыл алкогольден бас тартты
20 мамырда Әйтеке би ауданына қарасты Қияқты ауылында жергілікті атқарушы органдардың, қоғам өкілдерінің және полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары, полиция қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық тәртіпті нығайту және ауылдағы тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау мәселелері талқыланды.…
-

ТСР-ды қайтару тетігі: азаматтар мүддесіне бағытталған тиімді шешім
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарды техникалық оңалту құралдарымен (ТСР) қамтамасыз ету жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. Осы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі — ТСР-ды қайтару тетігін енгізу және дамыту. Бұл тетік әлеуметтік қолдаудың атаулылығын, тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техникалық оңалту құралдары — жай ғана бұйымдар емес. Олар азаматтардың қозғалуына, өз бетінше өмір сүруіне және лайықты өмір…
-

Жетісуда көрнекті ғалым Мұхтар Арынның 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті
Бүгін Жетісу облысында көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Мұхтар Арынның 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ғалымның ұрпақтары, М. Арын атындағы № 24 мамандандырылған мектеп-лицейінің ұжымы, жалпы еліміздің әр аймағынан зиялы қауым өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы…
-

«Заманауи көшбасшы» SDU University-де республикалық студенттер форумы өтті 2026 жылғы 28 сәуірде SDU University қабырғасында «Жаңа Конституция – Жастар» атты республикалық көшбасшы студенттер форумы өтті.
Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 75 жоғары оқу орнының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, студенттік үкімет президенттері, облыстық омбудсмен өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Форум офлайн форматта ұйымдастырылып, республикалық деңгейде тәжірибе алмасу алаңына айналды. Форум аясында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімі негізінде рухани-адамгершілік, зияткерлік…
-

Хабарлама
2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 10-00 ZOOM бейнебайланыс арқылы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың LIV кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияның күн тәртібі: Аудандық бюджетке өзгерістерді енгізу туралы Басқа да сұрақтар Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ertis/press/news/details/1224697?lang=ru
-

ХАБАРЛАНДЫРУ Жарқайың ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізеді
Жарқайың ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылдың 1 маусымнан 30 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық қызығушылық танытқан тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сараптамаға қатыса алады. Сараптамаға қатысу мәселелері бойынша…
-

ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ – ЕЛ СЕНІМІ
2026 жылғы 17 мамырда өткен сайлаудың қорытындысы негізінде сайланған Әбутәліп Бахтиярұл Тәжібайды Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 20 мамыр күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі етіп тіркеді. Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Дүйсенбай Айтқалиұлы Атағараев сайланған әкімге Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін…
-

Эбола: шетелге шыққанда нені ескеру қажет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ. Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық…
-

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайланды
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайланды Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №10 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының әкімі болып…
