Санат: Қазақстан
-

Қоғамдық тыңдау туралы хабарландыру
Құрметті қала тұрғындары! Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Өтетін күні: 2026 жылғы 30 шілдеУақыты: 11:00Мекенжайы: Өскемен қаласы, Шаяхметов көшесі, 13А. Барлық мүдделі қала тұрғындарын қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1243032?lang=ru
-

🔹Жер қатынастары бойынша бас маман Нұралы Жасөмірұлы тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар жер телімдерін рәсімдеу, мақсатты пайдалану, құжаттандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары заңнама талаптарына сәйкес қаралып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірме берілді. Кейбір өтініштер бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен шешу жолдары түсіндірілді. ⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1243033?lang=ru
-

Жаттығуы өткізілуде
Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен Өскемен қаласында «Найза-2026» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілудеОқу-жаттығу барысында күштік құрылымдар терроризм тұрғысынан осал объектілердегі түрлі жағдайлардың даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелерін пысықтайды. Осыған байланысты бірқатар уақытша шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын шектеу қарастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік…
-

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру туралы
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Департамент басшысы Г. Т. Таласбаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген “Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» түсіндіру бойынша Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді (бұдан әрі- Тұжырымдама).Департамент басшысы Тұжырымдама бөлімдерінің мазмұнымен таныстырды және білім берудің барлық деңгейлерінде құқықтық ағарту практикасын…
-

Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді.
Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді. Шара барысында Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамамен» таныстырды. Талқылау барысында құқықтық сана мен «заң және тәртіп» мәдениетін қалыптастыру қауіпсіз әрі…
-

Ербол Қарашөкеев Шу ауданының тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Аймақ басшысы өз сөзінде облыс экономикасында оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі…
-

Серік Жұманғарин: Бизнестің мал шаруашылығын жүргізу тәсілі түбегейлі өзгеруі тиіс
Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдің фермерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Облыс экономикасы өсуінің негізгі бағыттарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылды. Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, ауыл шаруашылығы өңірлік экономиканың негізгі драйверінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл…
-

«Техникалық оңалту құралдарының жаңа пункттері ашылады» атты мақала «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінде жарияланды
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Ақтөбе облысы бойынша комитетінің департамент басшысының орынбасары Б.Е. Әшімовтың мақаласы «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінде жарық көрді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1243023?lang=kk
-

Наурызбай ауданында қараусыз қалған және аяқталмаған құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу жалғасуда
Наурызбай ауданында қараусыз қалған, құрылысы аяқталмаған және қираған нысандарды тексеру бойынша мобильді топтың кезекті көшпелі іс-шарасы өтті. Мониторинг барысында тұрғындар, оның ішінде кәмелетке толмағандар үшін қауіп төндіретін нысандарға тексеру жүргізілді. Бұл жұмыс келеңсіз оқиғалардың алдын алу және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін…
-

Дөңгелек үстел
2026 жылғы 15 маусымда «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Сәулет және қала құрылысы адалдық қағидаттарын іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбында жобалаушы мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға және Басқарма қызметінің тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-architecture/press/news/details/1243025?lang=ru
-

«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды
Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты. Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және…
-

«Жасыл ел» жастары табиғатты қорғау ісіне белсенді үлес қосуда
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қоршаған ортаны қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау бағытында кезекті еңбек жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастар қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге атсалысып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты. Еңбек маусымына тартылған жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.…
-

Наурызбай ауданында мүгедектігі бар азаматтарға инновациялық мүгедектер арбалары табысталды ❤️
Наурызбай ауданында Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен мүгедектігі бар азаматтарға инновациялық арбалар табысталды. Аталған көмек шарасы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Инновациялық арбалар азаматтардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1243010?lang=ru
-

КЕНТАУДА «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ
Кентау қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «TUR Workout – Тәртіпке тартыл» қалалық іріктеу сайысы өтті. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Қадыров және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Сайысқа қала мен ауылдық округтерден 80-ге жуық жас қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар воркаут…
-

Дәстүр мен тәрбие тоғысқан жоба
Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат. Осы қағиданы негізге алған №1 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің киізүй лагерінде жүзеге асырылып жатқан «Дәстүр даналығы» жобасы балаларды халқымыздың бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен және рухани құндылықтарымен таныстыруға бағытталған. Жоба аясында ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, олардың таным көкжиегін кеңейтуде. Киізүй төрінде шырқалған әсем әндер, мың бұралған…
