Санат: Қазақстан
-

«Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар-кеңесі өтті
Ақтау қаласында тіл саласы мен цифрлық үрдістерді тоғыстырған ауқымды шара өтті. «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар-кеңеске Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов, еліміздің түкпір-түкпірінен келген өңірлік тіл саясатын іске асыруға жауапты басқармалардың басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ отандық ғылым…
-

Жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеу.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы еңбек саласындағы құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігіне кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты немесе өзге де мән-жайлар бойынша…
-

«Қазақ өнерінің дара тұлғасы»
Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық әртісі Фарида Шарипованың туғанына 90 жыл толуына орай Алмалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ өнерінің майталманы» атты тақырыпта ақпарат сағаты өткізілді.Шара барысында кітапханашы Фарида Шарипованың өмірбаянына тоқталып, оның өнердегі дара жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Ақпарат сағатында актрисаның сахнадағы және кинодағы шеберлігі ерекше аталып өтті. Кеш барысында оқырмандарға…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды
22.06.2026 жылы сағат 15: 00-де Булаев қ, Юбилейная көшесі, 56 мекен-жайы бойынша «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-14-28 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-sayasat/press/news/details/1243079?lang=ru
-

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысының негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында кеңес өткізілді
Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А. Башаров Департамент қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өткізді. Кеңес барысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған халықаралық тәжірибелер талқыланды. Атап…
-

Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады
Жезқазғанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі Президиум отырысы өтті. Жиында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары талқыланып, минералдық шикізатты кешенді өңдеу, геологиялық барлау мен металлургияны цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және агроөнеркәсіп саласын ғылыми сүйемелдеу мәселелеріне басымдық берілді. Отырыс барысында ғылым жетістіктерін өндіріс пен экономиканың…
-

Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы маңызды құрылыс нысандарын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен аймақ басшысы республикалық маңызы бар «Шу – Қайнар» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасымен танысты. Еліміздегі маңызды көлік бағыттарының бірі саналатын бұл жолға соңғы 50 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі таңда оның 56…
-

Талдықорғанда есірткіге қарсы кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді
Талдықорған қаласында жастар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз пайдаланудың және таратудың алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғам назарын нашақорлық пен есірткі қылмысы мәселесіне аудару, тұрғындардың осы бағыттағы ақпараттық деңгейін көтеру және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін…
-

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізілуде
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды ақпараттандыру құралдарының бірі – еліміз бойынша 42 897 нысан туралы мәліметтерді қамтитын «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталының Интерактивті қолжетімділік картасы. «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан әлеуметтік қорғау…
-

Түсіндірме жұмыстары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1243070?lang=ru
-

Уақытша жол жабылады
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Алатау» шағын ауданының орамішілік жылу желілерін қайта құру ЖҚ-849 (сол.), ЖҚ-851, ЖҚ-852, ЖҚ-854 (сол.)» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Сейфулин мен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысы (С.Сейфуллин көшесінің бойы) 2026 жылғы 19 маусым сағат 20:00-ден бастап 3 тәулік мерзімге толықтай жабылып, барлық автокөлік қозғалысына уақытша тыйым салынатынын хабарлаймыз. Осыған…
-

Жетісу облысында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын дәрігерлер үшін ең ірі төлемдердің бірі – 10 миллион теңге беріледі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Баспасөз мәслихаты барысында ол елдегі және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қорытындыларына тоқталып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады. Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының рекордтық көрсеткіші тіркелген.…
-

Серік Жұманғарин: Бизнестің мал шаруашылығын жүргізу тәсілі түбегейлі өзгеруі тиіс
Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдің фермерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Облыс экономикасы өсуінің негізгі бағыттарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылды. Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, ауыл шаруашылығы өңірлік экономиканың негізгі драйверінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл…
-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
2026 жылғы 18 маусымда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ақтас кенті әкімінің орынбасары М. Анаев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық заңнамасы бойынша әлеуметтік көмек бөлімшесінің, мәдени-демалыс орталығының және Ақтас кенті әкімі аппаратының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saran-aktas/press/news/details/1243058?lang=ru
-

Павлодарға саяхат – ұмытылмас әсер сыйлады
Ертіс ауданының Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебі жанындағы бейіндік лагерь тәрбиеленушілері үшін Павлодар қаласына ұйымдастырылған танымдық саяхат ерекше әсерге толы болды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың мәдени-тарихи танымын кеңейту, шығармашылық және зияткерлік дамуына ықпал ету, сондай-ақ жазғы демалысты мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыру. Саяхат барысында балалар алдымен Павлодар қаласының көрікті орындарының бірі – Ертіс жағалауындағы…
