Санат: Қазақстан
-

Атырауда «Atyrau Youth Fellowship» жобасына қабылдау басталды
Жобаға 14-35 жас аралығындағы еріктілер қатыса алады. Үміткерлердің мотивациялық эссесі мен портфолиосы сараланып, нәтижесінде үздік деп танылған 15 волонтер іріктеледі. Іріктеу нәтижесінде 5 қатысушы Грузияға, 5 волонтер Әзербайжанға және тағы 5 жас Астана қаласына тәжірибе алмасу сапарына жолдама алады. Жоба Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Қатысушылар шетелдік және өңіраралық волонтерлік ұйымдардың жұмысымен…
-

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жүн және тері дайындау орталықтарын ашу мақсатында басқарма тарапынан жұмыстар жүргізілуде
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жүн және тері дайындау орталықтарын ашу мақсатында басқарма тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта ауыл шаруашылығы қайта өңдеу және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы Абдилдинова Ж.Н. тарапынан облыс аудандарында, атап айтқанда Зайсан ауданында – тері, Күршім ауданында – жүн дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. 2026 жылғы 18 мамыр күні Күршім ауданында аудан әкімінің орынбасары…
-

Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап…
-

Комитет Төрағасы арнаулы әлеуметтік қызметтер субъектілерін лицензиялау барысы туралы баяндады
2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Төрағасы Скуб Илья ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің аппараттық кеңесінде “Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялаудың өзекті мәселелері”тақырыбында баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер…
-

«Өрт-2026».
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғаныс қызметтерімен «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында Сандықтау ауданы аумағында ағымдағы жылдың 28–29 мамыр күндері өтетін оқу-жаттығуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің өкілдері оқу-жаттығуға тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Сонымен қатар азаматтық қорғаныс қызметтері арасындағы…
-

2026 жылғы 20 мамырда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
2026 жылғы 20 мамырда аудандық мәслихат төрағасы М. Төлеуовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті. Депутаттар Google Meet платформасы арқылы қашықтан қатысты. ✔️ Сессияның күн тәртібінде: 1. Ақтөбе агломерациясын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын келісу туралы мәселе қаралды.Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1224036?lang=ru
-

270.00-нысанын жасау қағидалары
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған редакциядағы Салық кодексінің 342-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлға салықтық шегерімдерді: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде – салық агентінде; міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде – салық агенті…
-

«Таңбаланған дәрілік заттар айналымы кезіндегі аномалиялар (бұзушылықтар)» тақырыбында баяндама оқылды
Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен өткізілген апталық лездемеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы Жақсылық Жанерке Алмасқызы және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы А. Сағнадинованың қатысуымен «Таңбаланған дәрілік заттар айналымы кезіндегі аномалиялар (бұзушылықтар)» тақырыбында баяндама оқылды. Жиналыс барысында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің талаптарын сақтау…
-

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру және «Д», «Е» санатындағы азаматтарды қолдау шаралары аясында жиын өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен жиын өтіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірістік кооперативтерді дамыту және отбасының цифрлық картасындағы «D» және «E» санатындағы азаматтарды «С» санатына көшіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру барысы талқыланды. Жиынға «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда…
-

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорацисы акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалында тікелей эфирге шығып, сұхбат берді.
2026 жылдың 18 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Л. Бейсенбинова «Әдеп нормаларын сақтау- мемлекеттік қызметшінің міндеті» тақырыбында«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорацисы акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалында тікелей эфирге шығып, сұхбат берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1223646?lang=ru
-

ШҚО СЭБД өкілдері өңір тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік ережелері туралы еске салды
Құрбан айт қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға құрбандық шалу және ет өнімдерін сақтау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. СЭБД мамандарының айтуынша, мереке күндері тағамнан улану мен жіті ішек инфекцияларының қаупі артады. Сондықтан санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Өңір тұрғындарына етті тек ресми рұқсат етілген сауда орындарынан: базарлардан, дүкендерден және арнайы қасапханалардан…
-

DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026 – жас мамандардың халықаралық шеберлік алаңы
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Көкшетауда өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026 чемпионатының жұмысымен танысты. Іс-шара барысында басқарма басшысы қатысушылардың сайыс алаңдарындағы кәсіби шеберлігіне куә болып, сарапшылармен пікір алмасты. Чемпионат алаңдарын аралау кезінде Айнагүл Балташева жас мамандарға сәттілік тілеп, өңір намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүрген қатысушыларға зор сенім білдірді. Сонымен…
-

Қарағанды облысы Полиция департаментіндегі жады мен даңқтың шырақшылары
Қарағанды облысы Полиция департаментіндегі жады мен даңқтың шырақшылары. 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Бұл мерейлі мерекені Қарағанды облысы Полиция департаменті де ерекше мәнде атап өтті. Облыстық ПД-нің жауынгерлік және еңбек даңқы музейі – жай ғана тарихи жәдігерлер сақталған орын емес, тәртіп сақшыларының ерлігі мен адал қызметінен сыр шертетін тағылымды шежіре ордасы. Бүгінде музей қорында 3,5 мыңнан…
-

15 мамырда жарық көрген «Сарыарқа» газетінде Ұлытау облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Ж. Стамқұлованың ана тіліміздің бүгінгі тынысы мен болашағына арналған мазмұнды мақаласы жарияланды.
Тіл — ұлттың жаны, мемлекеттің тұғыры! 15 мамырда жарық көрген «Сарыарқа» газетінде Ұлытау облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Ж. Стамқұлованың ана тіліміздің бүгінгі тынысы мен болашағына арналған мазмұнды мақаласы жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1223650?lang=ru
-

Президенттің қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады
Бүгін, 19 мамыр күні, Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті. 19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және…
