Санат: Қазақстан
-

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет…
-

Business.enbek.kz порталында 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға 1 ағым бойынша өтінімдер қабылдау басталады
Халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатын болады. Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау өтеусіз негізде көрсетіледі және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, жаңа табыс…
-

Қазақстан регистрлік негіздегі халық санағына дайындалуда
Астанада халық санағын регистрлер негізінде жүргізуге дайындық мәселелеріне арналған үш күндік ұлттық техникалық семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара мемлекеттік органдардың өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және статистика саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіріп, ұлттық статистикалық жүйені жаңғыртудың келесі қадамдарын талқылауға бағытталған. Үш күн ішінде қатысушылар әкімшілік деректердің қазіргі жағдайы мен сапасын қарастырады, халық санағы мақсаттары үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелердің…
-

Құрманғазы ауданында «Таза мекен» экологиялық акциясы өтті
Құрманғазы ауданында қоршаған ортаны қорғау мен туристік аймақтарды тазарту мақсатында «Таза мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Теңіз ауылындағы Қиғаш өзенінің жағалауы мен демалыс орындарын тазалауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жастар мен еріктілерді табиғатты қорғау бастамаларына тартуға бағытталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар Қиғаш өзенінің жағалауы мен демалыс орындарын тұрмыстық…
-

Құны 750 млн теңге зауыт: Шымкентте прокуратура инвесторға жер учаскесін алуға көмектесті
Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер учаскесін алу мәселесінде инвесторға қолдау көрсетті. «OxyLine» ЖШС ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 750 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Прокуратура жүргізген талдау барысында инвесторға жер…
-

Қазақстанның темір жолдарына жасанды интеллект және Smart Rail жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан халықаралық көлік дәліздерінің қуатын белсенді түрде арттыруда. Бүгінде біздің еліміз құрлықтағы жүктердің 80%-ының Қытайдан Еуропаға өтуін қамтамасыз етеді. Үкімет отырысында көлік дәліздерін дамыту, кен орындарына жаңа жолдар мен терминалдар салу жоспарлары туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады. «Транзит отандық теміржол саласының басты драйверіне…
-

Жеке қабылдау барысында тұрғынның өтініші қаралды
Жеке қабылдау барысында тұрғынның өтініші қаралды Аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауына қала тұрғыны келіп, жазғы кезеңдегі суару суына қатысты мәселені көтерді. Тұрғын өз өтінішінде суару суының жеткіліксіздігі мен оның тұрғындардың күнделікті тұрмысына әсер етіп отырғанын атап өтті. Қабылдау барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, қолданыстағы жағдай бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мәселені шешу бағытында тиісті…
-

Мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша «SEMEITV» телеарнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу тәртібі, еңбек қатынастары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі, сондай-ақ жүйенің еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудегі рөлі мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын әкімшілік ықпал ету шаралары, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтамау,…
-

Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Сегізінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті қырық үшінші сессиясы 2026 жылғы 25 маусым күні сағат 11:00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Абай облысы Бесқарағай ауданының құқық бұзушылықтардың алдын алу…
-

Атбасар ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді
Атбасар ауданының прокуратурасы мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына қатысты бюджет заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында Құрылыс бөлімі аудан орталығындағы субұрқақты қайта жаңғырту жұмыстарына 170 млн теңгеден астам сомаға шарт жасағаны анықталды. Жобалық-сметалық құжаттаманы зерделеу кезінде оған оң қорытындының екі жылдан астам уақыт бұрын берілгені белгілі болды.Алайда талдау жүргізілген сәтте аталған жобаны іске асыруға бюджет қаражаты…
-

Еліміздегі жүк айналымының 57%-ы теміржол көлігіне тиесілі
Қазақстандағы барлық жүк айналымының 57%-ы теміржол көлігіне тиесілі, ол сондай-ақ бүкіл көлік саласының жалпы өнімінің үштен бірін қамтамасыз етеді. Үкімет отырысында инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту және парктерді жаңарту туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда жүк вагондары нарығы толығымен бәсекелестік ортада жұмыс істеп тұр. Паркте жалпы қазір шамамен 147 мың вагон бар, олардың…
-

Неліктен 20 жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегі 6 миллион теңгеден асады?
Неліктен 20 жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегі 6 миллион теңгеден асады?Өзге елдерде азаматтар зейнетақы жинақтарын бүкіл еңбек қызметі бойы (30–40 жыл) жинайды. Осыған байланысты ерте жаста (мысалы, 20 жаста) жеткілікті зейнетақы жинағын қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес екені анық. Бұл тиісті актуарлық есептеулермен және халықаралық тәжірибемен расталады.Сондай-ақ еңбек жолының бастапқы кезеңінде аударылатын зейнетақы жарналары уақыт…
-

Хабарландыру
Құрметті Шу ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 17-маусым күні сағат 11:00-де Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Шу ауданының халқымен ашық кездесуі өтеді. Кездесу барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелерін тікелей жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады. Облыс әкімі өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөліседі. 📍 Өтетін орны: Шу аудандық мәдениет үйі🗓 Өтетін…
-

Қызылордалық полицейлер бір аптада 10 мас жүргізушіні анықтады
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бір апта көлемінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Құрметті…
-

Жаңартылған алғашқы 30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының вокзалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы кеңінен жүзеге асуда. Үкімет отырысында еліміздің барлық өңірлеріндегі реконструкция жұмыстарының барысы туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады. «Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарда басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз және жайлы темір жол көлігімен қамтамасыз ету. Бүгінде елімізде тәуелсіздік жылдарында алғаш рет теміржол вокзалдарын…
