Санат: Пікір
-
«Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
ХАБАРЛАНДЫРУ! «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 22 маусым – 22 шілде айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар…
-
Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.
Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды. Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы…
-
Оралдан келген жас авторлар Қазақстанның Прагадағы Елшілігінде болды
Прага, 2026 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінде Орал қаласынан келген жас жазушылар – егіз ағайынды Арлан мен Аслан Айтқалиевтер қонақта болды. Олар мектеп демалысы кезінде ата-анасымен бірге Еуропа елдерін аралап жүр. Елшілік дипломаттары жас отандастарымызды алғашқы елеулі шығармашылық жетістіктерімен, беделді халықаралық кітап көрме-жәрмеңкелерінде қол жеткізген жеңістерімен және жүлделі орындарымен құттықтады. Арлан…
-
Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды
Жетісу облысында газ қауіпсіздігін бақылау күшейтілуде. Осы мақсатта мобильді диагностикалық кешендер қолданыла бастады. Аталған заманауи жабдық жер қазу жұмыстарын жүргізбей-ақ жерасты және жерүсті газ құбырларында, тарату желілерінде және тұрғын үй аумақтарында газ шығу жағдайын анықтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай диагностикалық…
-
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Үлкен Алматы өзені арнасының шығыс жағалауында, Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта ауқымды сенбілік өткізілді.Акцияға қатысушылар аумақты санитарлық тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және қала ортасын абаттандыруға өз үлестерін қосты.Іс-шараға жалпы саны 400-ге жуық адам қатысты. Жұмыстарды жүргізу үшін 25 арнайы…
-
ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНАН КЕЙІНГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жүргізілген қазба жұмыстары барысында зақым келген және соның салдарынан шөгу белгілері байқалған аумақтарда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қазба жұмыстарына жауапты мердігер мекемелердің күшімен жүзеге асырылуда. Қалпына келтіру жұмыстары Яссы, Бекзат және Сауран тұрғын алқаптарында орналасқан көшелерді қамтиды. Жалпы жұмыстар аясында шамамен 30 мың шаршы метр жол жабындысын…
-
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ
Түркістан қалалық мәслихатының «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы А.Мәдидің төрағалығымен көшпелі комиссия мәжілісі өтті. Көшпелі мәжіліс барысында комиссия мүшелері қала аумағындағы бірқатар өзекті мәселелерді зерделеп, нысандардың жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Отырар секторындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындар тарапынан көтерілген жертөлелерге…
-
БИЫЛ 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ
Биыл Түркістан облысында инвестицияларды тарту индикаторы 1 трлн 783,9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Осы жылдың 5 айының қорытындысымен 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5 %-ды құрады. Ал 2025 жылдың қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде 1…
-
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ 250 МЫҢНАН АСТЫ
Биылғы жылдың алғашқы бес айында Түркістан қаласына келген туристер саны 250 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға артты. Қазіргі таңда қала аумағында 72 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 254 төсек-орынды құрайды. Туризм саласын дамыту бағытында 2024–2027 жылдарға арналған жалпы құны 16,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жоспарланған. Бүгінде…
-
Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерудің салтанатты рәсіміне қатысты (04.06.2026)
Бұл игі дәстүр 2008 жылдан бері өткізіліп келеді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің ажырамас бөлігіне айналды. Елорда тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі айтулы оқиғаның куәсі болды — 111 метр биіктікке ауданы 450 шаршы метр болатын еліміздің ең үлкен Мемлекеттік Туы көтерілді. Рәсімнің ерекше сәті Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің…
-
Тұрақты комиссия мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарады (04.06.2026)
Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе қаралды. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саипов баяндама жасап, жер учаскелерін алып…
-
ДСМ: 660-ТАН АСТАМ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТЫҢ АТАУЫ БОЙЫНША БАҒАНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ТІРКЕЛДІ
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізуді және олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша шекті бағаларды реттеу тетігі күшіне енгенге дейінгі кезең мен 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша еліміздің 20 өңіріндегі дәріханаларда сатылатын 2635 дәрілік препараттың атауына салыстырмалы баға талдауы жүргізілді. Мониторингтің қорытындысы…
-
Римде «Марко Поло: бейбітшілікке, мәдениетке және орнықты дамуға жол» атты жоба іске қосылды
Рим, 2026 жылғы 13 маусым – Римде Колумбия университетінің профессоры Джеффри Сакс пен «M31 Capital» компаниясының басқарушы серіктесі Патрик Чжун ұйымдастырған «Марко Поло: бейбітшілікке, мәдениетке және орнықты дамуға жол» автожорығының іске қосылу рәсімі өтті. Жоба аясында BYD компаниясы ұсынған 13 электромобильден тұратын автокеруен 43 күн ішінде Сербия, Хорватия, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан және басқа…
-
“Қарасора — 2026” ЖПІШ: Қызылорда облысында полицейлер екі ірі есірткі алқабын анықтады
“Қарасора — 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүргізуде. Кезекті рейд барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы жасағы бірлесіп, тікұшақ арқылы әуеден бақылау жұмыстарын…
-
ІІМ “Kyzdar.net” сайтының ұйымдастырушылары мен бенефициарларын ұстады
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «Kyzdar.net» интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымының ұйымдастырушылары мен түпкілікті бенефициарларын ұстады. Ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, заң мен тәртіпті нығайту тұрғысынан ерекше маңызға ие. Аталған сайттың интернет желісі арқылы жеңгетайлықты жарнамалау және насихаттау, сондай-ақ азаматтарды заңсыз қызметке…
