Санат: Пікір
-

Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы «Әліби» реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді. Бұл – халықаралық реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл. Еркек құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастаған. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы. Құлынның енесі…
-

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымды іс – жан азығы» атты тағылымды іс-шара өтті. Жүрекке жылу сыйлайтын игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, олардың арман-тілектерін орындауға және ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге қолдау көрсетуге бағытталды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді.…
-

❓ Ұйым дербес деректерді қорғау талаптарын сақтамаса, не болады?
✒️ Қазақстан Республикасының заңнамасында дербес деректерді қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. 🔴 Құқық бұзушылықтың сипатына қарай кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 🏛 Сонымен қатар, уәкілетті орган заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізеді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама беріледі және тиісті негіздер болған кезде әкімшілік құқық…
-

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ШАХАН КЕНТІНДЕ СУ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ
«Энергоуголь» ӨБ хабарлайды: 24 тамызға жоспарланған су өшіру жұмыстары 25 тамызға ауыстырылды. 25 тамыз күні сағат 09:00-ден 24:00-ге дейін Шаханның сорғы станциясында диаметрі 150 мм №13 ысырмалы арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Шахан кентіндегі тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылады. Тұрғындардан алдын ала бір тәулікке жететін су қорын дайындап алуын сұраймыз. Сумен жабдықтау қалпына…
-

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Батыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5 трлн теңгені құрап, үш жыл ішінде 13,6%-ға өсті. 2023 жылдан бері негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы толық ақпарат ұсынылды. Жақын арада Қарашығанақ кен…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Есепті кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалып, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 124,1%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастады. Өңірдің экономикалық өсіміне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары…
-

Ескелді ауылдық округінде ветеринариялық қызметпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есепке алу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Тұрғындарға малды таңбалау, чиптеу, жайылымды дұрыс ұйымдастыру және малды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл шаралар малдың жоғалуы мен ұрлануының алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279144?lang=ru
-

Ескелді ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Шаруа қожалықтарының иелері, бақташылар және учаскелік инспекторлармен бірлесіп, малды есепке алу, бірдейлендіру және қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ортақ міндет — мал ұрлығының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279146?lang=ru
-

Таудың нәзік гүлі — бұйра лалагүл
Бір қарағанда ертегі гүліндей көрінеді. Күлтелері кейін қарай қайырылып, ерекше пішін түзетін бұйра лалагүл — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктердің бірі. Бұл гүл табиғатта көзге жиі түсе бермейді. Ол таулы аймақтардың орманды және шалғынды бөліктерінде өсіп, жаз мезгілінде ерекше реңімен көз тартады. Бұйра лалагүлдің әсемдігі — тек сыртқы көрінісінде емес. Табиғи популяциясының сақталуы оның…
-

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ТЕННИСШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті. Қазақстан кубогы биыл 10 жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстанның барлық өңірінен 18 команда қатысуда. Жарыс бағдарламасына ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей және жұптық ойындар енгізілген. Жас спортшылар рейтингілік ұпай үшін бақ сынап, ұлттық…
-

Ақтау қаласының әкімі Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов №242 сайлау учаскесіне барып, жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс берді. Қала басшысы ел тарихындағы маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Айта кетейік, облыс орталығындағы сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған. Шаһар тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз…
-

Мектепке жол ең жақсы болуы үшін!
Жыл сайынғы “Мектепке жол!”барлық ұрпақ үшін ең сүйікті мереке – Білім күніне орайластырылған Қарасу ауданы ТЖБ қызметкерлері де бей-жай қарамады. Іс-шара аясында аудандық мектептің бірінің оқушысына кеңсе керек-жарақтары мен мектеп сөмкесі сатып алынды. Біздің әрқайсымыз балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, әр балаға оның Мектепке жолы ең жақсы, ал балалық…
-

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ МІНДЕТТІ ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енеді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген немесе Қазақстан аумағына әкелінген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс. ББҚ-ның міндетті қадағалану жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауар нарыққа…
-

Еңбек кітапшасында қате болса: қызметкер еңбек өтілін зейнетақы тағайындау үшін қалай растай алады?
Зейнетке шығу — әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде артық қиындықтарға тап болмас үшін еңбек өтілін растайтын құжаттарды алдын ала тексеріп алған жөн. Жылдар бойы атқарылған еңбек — жай ғана еңбек кітапшасындағы жазбалар емес. Әр жазбаның артында адамның бірнеше жылдық, кейде ондаған жылдық еңбегі тұр. Сондықтан жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған…
-

«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама
Түркістан қаласы 2026 жылғы 26 маусым Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің…
