Санат: Пікір
-

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. «Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми…
-

Түрген көпірі үш ай ішінде қайта салынады
Бірнеше апта бұрын толассыз жауған нөсір салдарынан Түрген суы арнасынан тасып, өзен арқылы өтетін көпір шайылып кетті. Бұл нысан 2024 жылы апатты деп танылған. Қазіргі таңда жауапты мердігер анықталып, көпір қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Бүгін Марат Сұлтанғазиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің…
-

«Geopark Аral» – Аралды әлемге танытатын жаңа мүмкіндік
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешу тек өңір үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Соңғы жылдары теңіз тағдырына әлемдік ұйымдар, халықаралық қаржы…
-

Құрметті мүгедектігі бар адамдар!
2026 жылғы 24 шілде күні сағат 15.00-де Қостанай қ., Юбилейный ш/а., 56 мекенжайындағы Жастар сарайында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өткізілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбекке интеграциялануына жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға, кәсіби оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ…
-

Қоғамдық кеңестің отырысы
2026 жылғы 22 шілдеде Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында М.К. Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады: Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2026 жылға арналған жоспарлары. 2025 жылы қолайсыз отбасылардан…
-

Халықтың цифрлық сауаттылығын оқыту
2026 жылғы 22 шiлдедi Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппаратында округ әкімі В.С. Барсуков халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуды өткізді. Қамту 25 адамды құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-lomonosov/press/news/details/1262181?lang=ru
-

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Семейдегі стратегиялық инфрақұрылым нысандарын аралады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары аясында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірқатар стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты. Сапар барысында қаланың жылу-энергетикалық жүйесінің жай-күйі мен тұрғын үй құрылысының қарқынына ерекше назар аударылды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары әуелі ТЭЦ-1 кәсіпорнына барды. Бұл – Семей қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз…
-

Экономика, сауда және климатты қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бразилиа, 2026 жылғы 22 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилияның халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму институтының (IBCIS) президенті Велбер Бараллмен және Бразилия климат институтының (ICBVH) директоры Аугусто Браунмен кездесулері өтті. Кездесулер барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ өзара қызығушылық…
-

Жеке көмекші қызметтерін көрсету туралы
Жеке көмекші қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды рәсімдеу кезінде құқықтық белгісіздікті болдырмау мақсатында Министрлік мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады. Бүгінгі таңда: 1- жеке көмекші қызметін ақылы көрсетуге арналған үш жақты үлгілік шарт бекітілді; 2)азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде төлем нақты көрсетілген алып жүру қызметінің көлеміне қарай жүзеге асырылады (АЕК-тің 54,56…
-

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданының активімен және тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданының активімен және тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында 2026 жылғы 22 шілдеде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е.…
-

Семей қаласындағы көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылыс барысын қадағалады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылыс барысын қадағалады. Облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан автомобиль көпірін реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары 70 пайызға орындалған. Жобада көзделген тоғыз тіректің сегізі орнатылды. Көпір төрт жолақты қозғалысқа есептелген,…
-

Қазақстандық тарап Беларусьпен өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастыққа айрықша мән береді
Минск, 2026 жылғы 22 шілде – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықовтың «Беллегпром» концернінің төрағасы Надежда Лазаревичпен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар шикізатты қайта өңдеу, тауар номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ өндірістерді оқшаулау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жеңіл өнеркәсіп саласындағы кооперацияны тереңдетудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Т.Жақсылықов қазақ тарапы Беларусьпен өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін…
-

ШҚО-да «жасыл» сутегі мен аммиак өндіретін ірі жоба талқыланды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Оңтүстік Кореяның «YPP Corporation» компаниясының директоры Ким Чон Хванмен кездесті. Соның барысында өңірде жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін электр станцияларын, аккумуляторлық энергия сақтау жүйелерін, сутегі мен аммиак өндіретін және өңдейтін зауыттарды салу жобасы жайлы талқыланды. Жоба аясында жалпы қуаты 1,3 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздерін іске қосу…
-

Қазақстанда 217-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Жетісу облысы Панфилов ауданының Айдарлы ауылында 217-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өрт сөндіру пункті Айдарлы, Дарбазақұм және Сарпылдақ ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған елді мекендерде жалпы саны 2500-ге жуық адам тұрады. Іс-шараға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Адамбек Оразалинов, Панфилов ауданының әкімінің орынбасары…
-

Марат Сұлтанғазиев: Экологиялық қауіпсіздікке салғырт қарауға болмайды
Талғар ауданы Ақтас ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 18 шілде күні өрт шығып, жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды. Ол үшін 45 қызметкер мен 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Аталған полигонға бүгін аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев барып, аудан әкімдігі мен төтенше жағдай қызметіне нақты міндеттер жүктеді, – деп…
