Санат: Пікір
-

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауылдық елді мекендерді кезең-кезеңімен табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалар аясында Сайрам ауданында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Осыған сәйкес, Қызылжар елді мекеніне табиғи газ беріліп, тұрғындарға үйлерін газ желісіне қосуға мүмкіндік жасалды. Бүгінде елді мекенде 109…
-

Энергетика министрлігі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуге кірісті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде елді газдандыру қарқынын жеделдетіп, халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80%-ға жеткізуді тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қойылған мақсатқа кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған кешенді Жол картасын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жалпы, Қазақстанды газдандыру азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді…
-

ІІМ: Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді, резонансты қылмыстар ашылды
Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10%-ға азайды. Сонымен қатар ең көп таралған құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстардың ашылу көрсеткіші артты. ІІМ ауыр және мүліктік қылмыстармен күресте, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстауда, қылмыстық топтардың жолын кесуде және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылда оң нәтижелерге қол жеткізілгенін мәлімдеді. – Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті…
-

Бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа “Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) басшысы Манатова Акбопе және бөлімнің тіркеу және мемлекеттік қызметтер көрсету секторының меңгерушісі Айшвакова Динара қатысты. Күн тәртібінде Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы мәселе қаралды. Бөлім басшысы Манатова Акбопе…
-

Д. Қонаев көшесі (Сейфуллин – Комратов аралығы) көлік қозғалысы үшін ашылды
Құрметті қала тұрғындары! 2026 жылғы 2 шілдеден бастап Д. Қонаев көшесінің Сейфуллин көшесі мен Комратов көшесі аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы қайта ашылды. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, аталған учаскеде автокөліктердің қозғалысына қайтадан рұқсат берілді. Енді тұрғындар мен қала қонақтары бұл бағыт бойынша ешқандай шектеусіз қатынай алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1253008?lang=ru
-

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігімен, адалдығымен және жауапкершілігімен ерекшеленген мамандарды ұлықтау мақсатында «Энергетика саласының үздігі» республикалық байқауын өтті. Байқауда энергетика саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен танылған үздік мамандар марапатталды. Байқаудың І дәрежелі дипломымен Түркістан облысы…
-

Хабарландыру
2026 жылғы 13 мамырда Қабылтөбе ауылында ауыл әкімі Армат Рспаев тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, Қабылтөбе ауылын газдандыру мәселесі қозғалып, тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty-terekty/press/news/details/1253010?lang=ru
-

Хабарландыру
2026 жылғы 14 мамырда Тақсай ауылында ауыл әкімі Армат Рспаев тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, Тақсай ауылын кірме жолды жөндеу, Тақсай ауылындағы электр желілерін (0,4-10 кВТ) жөндеу, Тақсай ауылын интернет желісімен қамту бойынша тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty-terekty/press/news/details/1253012?lang=ru
-

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде жылдағы дәстүрге айналған «Ақ жол, Ясауи түлегі – 2026» атты үздік және белсенді бітіруші түлектерге салтанатты диплом табыстау кеші өтті. Айтулы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, халықаралық деңгейдегі ІТ және қаржы технологиялары саласының маманы, ICONIC компаниясының бас директоры Ясин Таха Джелилоғлу, ҚР Мемлекеттік қызмет істері…
-

Тау дайындығы орталығында журналистер экстремалды жағдайда әрекет етуге машықтанды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге «Әскери дискурс – 2026» оқу-тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.Бірнеше күн бойы журналистер редакциядағы қалыпты жұмысынан қол үзіп, әскери ортаға бейімделді. Олар Тау дайындығы орталығының казармасына орналастырылып, әскери тәртіппен өмір сүрді. Таң сәріден ерте оянған БАҚ өкілдері сапқа тұрып, күнделікті әскери өмірдің күн тәртібіне…
-

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасына сәйкес ауыл округтері мен халықаралық маңызы бар «Шымкент – Ташкент» бағытындағы автожол аумағында тазалық және шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан көлемінде тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары кәсіпкерлік нысандарының иелерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.…
-

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарында санитариялық талаптарды сақтау, аумақтарды абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы аудан аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету нысандарын аралап, кәсіпкерлерге санитариялық талаптарды сақтау, іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету,…
-

🏅 ӨЗ ІСІНЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҚ, ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛҒАНДА
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Касымова әлеуметтік-еңбек саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл жоғары марапат оның кәсібилігінің, көпжылдық адал еңбегінің, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесінің лайықты бағасы болды. Әсем Сайранқызын лайықты…
-

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды, отандық және шетелдік ірі бизнесті, еліміздің жетекші заңгерлері мен экономистерін біріктірген тұрақты жұмыс істейтін беделді диалог алаңының іске қосылғанын білдіреді. Кеңес жұмысына Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы,…
-

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XXI ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі өз жұмысын бастады. Түркістан облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің жетекшілігімен аталған халықаралық көрмеге қатысып, өңірдің инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін таныстыруда. Делегация құрамында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары және аудан кәсіпкерлері бар. Көрменің ресми ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің…
