Санат: Пікір
-

Күкірт қышқылының төгілуіне байланысты авариялық жағдай кезіндегі іс-қимылдар тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
2026 жылғы 08 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі–Басқарма) мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Зардап шеккен қызметкерлерге көмек көрсете отырып, «күкірт қышқылы» қауіпті жүктің ағуына байланысты авариялық жағдайдың салдарын жою» тақырыбы бойынша, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына белсенді қатысты.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша санитариялық қызмет…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Отбасы күні құтты болсын! Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы…
-

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Шардара аудандық білім бөлімі ұйымдастырған дәстүрлі тамыз конференциясы Шардара қаласындағы Абай атындағы мәдениет үйінде өтті. Жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бисенбай Тасболатұлы, Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы, Түркістан облысының білім басқармасының өкілі, сондай-ақ ауданға қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Конференция барысында жаңа оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер, білім сапасын арттыру,…
-

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ел өңірлерінде жаңа әлеуметтік, медициналық, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауылдық елді мекендерді қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, ел өңірлерінде бірқатар маңызды нысандар мен жобалар іске қосылды. Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Евразия Инвест LTD» компаниясының ірі сүт-тауар фермасының бірінші кезеңі іске қосылды.…
-

Кедендік декларацияның 31 бағанын толтыру кедендік декларациялаудың маңызды кезеңі.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілгенін салады.Декларацияның маңызды бағандарының бірі 31-баған “Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы” болып табылады. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер тауарды сәйкестендіру және жіктеу, кедендік төлемдерді анықтау және кедендік бақылау жүргізу үшін…
-

Құрметті Пригородный ауылы тұрғындары!
Құрметті Пригородный ауылы тұрғындары! Жыл сайын бүкіл әлем бойынша “World Cleanup Day” акциясы өтеді. Бұл— қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза етуге көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді. Биыл “World Clean up Day“ акциясы 18 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді. Пригородный ауылы әкімдігі…
-

Матай ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Матай ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара “Матай ауылдық округ әкім аппараты” қызметкерлері, учаскелік полиция лейтенанты және мониторингтік топ мүшелері қатысты.Түсіндіру жұмыстары барысында ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ластамау, абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.Сонымен қатар,…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЙНЕСІ!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі мен жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды қызмет.Мемлекеттік қызметші өз қызметінде заң талаптарын сақтап, адалдық пен әдептілікті ұстанып, азаматтармен және әріптестерімен сыйластық қарым-қатынас орнатуы тиіс.Қызметтік өкілеттікті жеке мүддеге пайдаланбау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, құмар ойындар мен бәс тігуге әуестікке жол бермеу – мемлекеттік қызметшінің кәсіби беделін қалыптастыратын маңызды қағидалар.Әдептілік – мәдениеттің,…
-

Кенттегі футбол алаңы жаңартылды
Ақадыр кентіндегі М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектептің жанында орналасқан футбол алаңы жаңартылып, қайта жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт алаңы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасайды. Жаңартылған футбол алаңы жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік…
-

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Бүгін Құрылтай сайлауына орай облыс орталығында тұрғындарға арналған әлеуметтік жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының жергілікті шаруалары мен кәсіпкерлерінің өнімдері, сондай-ақ «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры есебінен жеткізілген азық-түлік тауарлары саудаға шығарылды. Жалпы көлемі 50 тоннаға жуық өнім тұрғындарға ұсынылды. Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс күнделікті тұтынуға қажетті өзге…
-

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МЕН АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудан аумағындағы бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына, қауіпсіздігіне және белгіленген мерзімде орындалуына баса назар аударды. Аудан тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер ететін әлеуметтік нысандардың дайындығы мен тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі. Ш.Уәлиханов атындағы мектептегі жөндеу жұмыстары Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі…
-

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» республикалық марафоны аясында Оқу орталығының тыңдаушылары Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайына барып, ондағы кітап қорымен танысты.
Іс-шара барысында тыңдаушылар мұражайда орналасқан әдебиеттерді оқып, олардың мазмұнымен танысты және өзара пікір алмасты. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шара тыңдаушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Аталған бастама кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, білім мен рухани құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1290975?lang=ru
-

Қонаевтағы жеке тұрғын үйлерге 100-ден астам иіс газының датчиктері қойылады
Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы әкімдік өкілдерімен бірге үйлерді аралауды бастады. «Қауіпсіз қала» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтап, оқыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Алғашқы аралау Шеңгелді ауылында жүргізілді. Кейіннен мамандар Қонаев қаласындағы қатты отынмен жылытылатын үйлерге де барады. Аралау барысында пешті дұрыс қолдану бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек,…
-

МАҚТАДАН ДАЙЫН ӨНІМГЕ ДЕЙІН: ТҮРКІСТАНДА ДЖИНС МАТАСЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ
Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында тоқыма өнеркәсібін дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аумағы 20 гектарды құрайтын өндірістік алаңда «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-ның мақта-мата жіптері мен джинс матасын өндіретін заманауи фабрикасы салынып жатыр. Түркістан облысының әкімдігі тарапынан кәсіпорынға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, өндірістік нысанға электр энергиясы, газ,…
-

Хабарландыру
Құрметті Тағыл ауылдық округінің тұрғындары! 2026 жылғы 16 қыркүйекте Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Гүлшат Амангелдіқызымен халықпен кездесу өтеді. Ермаковка ауылы – сағат 11:00-де (бұрынғы мектеп ғимаратында) Соналы ауылы – сағат 14:00-де (мектеп ғимаратында) 2026 жылғы 17 қыркүйекте Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Гүлшат Амангелдіқызымен халықпен кездесу өтеді. Тағыл ауылы – сағат 13:00-де (мектеп ғимаратында)…
