Санат: Шымкент
-

ОТЫРАРЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Марапаттау рәсімінде аудан басшысы аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам мен отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ұлт болашағын тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін айтып, отбасыларына амандық, бала-шағаларына бақ-береке тіледі. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» –…
-

ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю және компанияның бас директоры Чжун Фэйчаомен кездесті. Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары талқыланды. Аймақ басшысы облыстың минералды шикізат қорының көлемі инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңір жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар пайдалы…
-

Мемлекет басшысы Конституциялық заңына қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1239550?lang=ru
-

Жаңалық
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНА БОЙ КӨТЕРУДЕ Сарыағаш ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Мәдениет елді мекенінде салынып жатқан 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимараты. Бұл нысан ауыл тұрғындарының мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыруға және жас ұрпақтың кітап оқуға, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Аудан әкімі…
-

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.Жүргізушілер көлік құралын басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік белдігін тағуы, сондай-ақ жолдағы басқа қатысушыларға құрметпен қарауы қажет. Жаяу жүргіншілер жолды арнайы белгіленген орындар арқылы кесіп өтіп, жол қозғалысы…
-

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп ашылды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп ашылды. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың мәліметінше, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп пайдалануға берілді. Жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты азайтып, балаларға сапалы білім беруге бағытталған. Сондай-ақ: Мектептердің 90%-дан астамында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған;1,7 млн оқушы тегін…
-

Ойыл ауданының Кемер және Ақкемер ауылдарына көгілдір отын жетті
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгін Ойыл ауданындағы екі ауыл табиғи газға қосылды. ⚜️ Газ құбырларын іске қосу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Ол ауылдық жерлердегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Осы айтулы күні біз Ақкемер мен Кемер ауылдарының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты оқиғаның куәсі…
-

Еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Кәсіподақтар үйіндегі кеңес
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының Кәсіподақтар үйі алаңында ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысты. Іс-шараға кәсіподақтар, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік институттардың өкілдері қатысты. Азаматтарға еңбек заңнамасы, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кеңестер берілді. Қабылдау барысында өңір тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтар бойынша түсініктемелер, сондай-ақ өздерінің…
-

ІІМ: Ақтауда оңтүстік өңірлерден аса ірі көлемдегі гашиш партиясын тасымалдау арнасы жойылды
Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы жойылды. – ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жапты. Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді.…
-

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі
Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі. Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың…
-

ШҚО полицейлері танымал саяхатшы мен оның төрт аяқты серігіне көмек көрсетті
Әр жолаушыға қамқорлықпен ШҚО полицейлері танымал саяхатшы мен оның төрт аяқты серігіне көмек көрсетті Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері еліміз бойынша велосипедпен саяхаттап жүрген Бурлен Әділетқызымен кездесті. Саяхатшы Қазақстанның мәдени мұрасын, табиғи әлеуетін және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоба аясында өңірлерді аралап жүр. Шығыс Қазақстан аумағы арқылы өткен сапар барысында…
-

Биыл Ақтөбеде автобус паркі 141 жаңа автобуспен толықтырылады
Биыл Ақтөбеде автобус паркі 141 жаңа автобуспен толықтырылады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, облыста 66 автобус бағыты жұмыс істейді. Оның ішінде 46-сы – қалалық, 14-і – ауданішілік, 2-і – облысаралық және 4-і – халықаралық бағыттар. Халықаралық рейстер Орынбор, Самара, Орск және Уфа қалаларына қатынайды. Жаз мезгілінде облысаралық тасымалдар Қызылорда мен…
-

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгеруі туралы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінің бас маманы Айдарова Гульнур Оразханқызы зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесіне еңгізілген өзгерістері туралы түсіктеме берді Қазақстанда зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгертілді. Тиісті Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаулы қол қойылған сәттен бастап 10 күннен…
-

Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне арналған жаңа айдарымызды бастаймыз.
Бұл еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермейтін, бірақ күн сайынғы қажырлы жұмысының арқасында санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алып, өңір тұрғындарының денсаулығын қорғап жүрген мамандар. Айдарымыздың алғашқы кейіпкері – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне өмірін арнаған, 40 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті маман Жидебаева Лиза Сайлаубекқызы. Лиза Сайлаубекқызы еңбек жолын…
-

Экологиялық тазалық: елде 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Ішкі істер министрлігі “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Ведомство қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгудің алдын алуға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс жерлерге ағызу фактілерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл бес айда 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 177 мыңнан астам әкімшілік құқық…
