Санат: Шымкент
-

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады. Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.…
-

ҚАЛА ТАРИХЫН НАСИХАТТАҒАН БИБЛИОТАКСИ
Қала күні мерекесіне орай, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Менің сүйікті қалам» атты ерекше библиотакси шарасын ұйымдастырды.Танымдық іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе, жас буынға Шымкенттің бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттап, туған өлкенің өткені мен бүгініне деген қызығушылықты арттыру. Библиотакси қызметін пайдаланған алғашқы жолаушы «Нұрсәт» шағынауданынан Бәйдібек би даңғылына дейінгі жол…
-

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы стандарттары негізінде жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинар-тренинг өтті
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы стандарттары негізінде жастармен жұмыс істейтін мамандардың құқық бұзушылықтың алдын алу, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы практикалық дағдыларын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараға облыстың қала және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының мамандары, психологтар, студенттер, волонтерлер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар…
-

Бүгін мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді
Өңірлерді дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру – осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті еңбегінің нәтижесі. Олардың жұмысы жауапкершілікті, біліктілікті, халыққа деген жанашырлықты және азаматтардың мүддесіне сай шешім қабылдай білуді талап етеді. Бүгінде мемлекеттік қызмет – жүктелген міндеттерді тиімді орындаумен қатар, жаңа бастамаларды енгізуге және үздіксіз дамуға дайын болуды білдіреді.Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен…
-

Тыйым салынған өнімді әкелу әрекеті тоқтатылды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Қалжат» өткізу пунктінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су биологиялық ресурстарын өндіру (аулау) құралдарына қойылатын қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келмейтін өнімді әкелу әрекетінің кезекті фактісін жолын кесті. Атап айтқанда, «Қалжат» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу…
-

БОКСШЫ НҰРЖАН ҚОСМАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ
Шымкентте КСРО спорт шебері, боксшы Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған бокс турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, алғашқы жекпе-жектер басталды. Турнир Қазақстан Республикасы Кубогының бағдарламасына енгізілген. Рингке 2011 жылы туған 350-ден астам спортшы шығады. «Шымкент» кәсіби бокс клубында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Кубогы өтуде. Нұржан Қосмамбетов – өңірлік,…
-

«Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті
18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты бағдарламасымен ашты. Бұл кеште республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Анара Шәкенова, Арника Байбусынова,…
-

Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер! Сіздерді Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, амандық-саулық, кәсіби табыс пен еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, халықтың сенімі мен құрметіне бөлене беріңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1245718?lang=ru
-

ІІМ автокөліктер мен жүктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтықтың алдын алуда
Соңғы уақытта логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде алаяқтық фактілері кездесуде. Қаскөйлер “Della” және “Fa-Fa.kz” сияқты сервистерді пайдаланады. Көбінесе автокөліктер мен жүктерді Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландырулар орналастырылады. Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысады.…
-

Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХVI сессиясы
Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХVI сессиясы 2026 жылдың 22 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 12: 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХVI сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп…
-

Алматы SITF 2026 халықаралық туристік көрмесінде жоғары марапатқа ие болды
4–7 маусым аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында өткен SITF 2026 халықаралық туристік көрмесінде Алматы қаласының экспозициясы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеге әлемнің 40 елінен 423 ұйым қатысып, 518 стенд ұсынылды. Алматы стендінде қаланың туристік әлеуеті табиғаты, мәдениеті мен ұлттық гастрономиясы арқылы таныстырылды. Ұлттық киімдер, өнерпаздардың өнер көрсетуі және қазақтың дәстүрлі тағамдарынан ұйымдастырылған дәм тату рәсімі…
-

Шалқардағы жаңа спорт мектебінде 800-ден астам бала спортпен шұғылданып жүр
Шалқарда өңір басшысы осы көктемде ашылған В.Н. Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Бұрын балалар талапқа сай келмейтін ескі мектеп ғимаратында жаттығатын. Кейін ол апатты деп танылып, жабылған-ды. Бүгінде жаңа спорт мектебінде бокс, грек-рим күресі және дзюдо секциялары жұмыс істейді. Мұнда 800-ден астам бала спортпен шұғылданады. Жаттығулар заманауи ринг, күрес кілемдері және басқа…
-

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Қадірменді полиция қызметкерлері! Осы салалардың ардақты ардагерлері! Баршаңызды 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметкерлері күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заң мен тәртіптің сақталуына қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан да,…
-

ГҮЛДЕЙ НӘЗІК, ҚЫЗМЕТІНЕ БЕРІК
Мемлекеттік қызметті таңдаған әрбір маман халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналып, елдің дамуына өз үлесін қосады. Осындай өз ісіне адал, қызметіне жауапкершілікпен қарайтын мамандардың бірі – Ерғалиева Дамира Тұрғалиқызы. Дамира Тұрғалиқызы Сырым ауданының Коминтерн ауылында дүниеге келген. Бала күнінен еңбекқорлық пен жауапкершілікті бойына сіңіріп өскен ол 1993 жылы Көздіғара орта мектебінің табалдырығын аттады.…
