Санат: Шымкент
-

Астанада LRT-ның екінші кезеңі басталды: алғашқы тірек құйылды
Астанада LRT екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап. LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмысы орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды. Қосшы қаласы…
-

Сырттай форматтағы МӘС: нәтижелері және қолданылу практикасы
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай форматта жүргізу шеңберінде 10,7 мың өтініш қаралды, бұл мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы санының 45%-ын құрайды. Сырттай проактивті куәландыру онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық бұзылулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, мукополисахаридоз, сондай-ақ…
-

Өнеркәсіптік медицина және МӘС: KIOSH 2026-ға қатысу қорытындылары
2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша 14-ші Қазақстандық халықаралық KIOSH 2026 конференциясы мен көрмесі өтті. Конференция бағдарламасы аясында 2026 жылғы 28 сәуірде «Өнеркәсіптік медицина: жаңа реттеуші талаптар және енгізу тәжірибелері» тақырыбында панельдік сессия өткізілді. Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік…
-

Қазақстан жаһандық талант пен инвестиция тарту үшін жаңа көші-қон реформасын іске қосады
Қазақстан жоғары білікті мамандарды, инвесторларды және кәсіпкерлерді тартуға бағытталған ауқымды көші-қон реформасын жариялады. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Реформа көші-қон жүйесін квотаға негізделген модельден икемді, ынталандыруға бағытталған жүйеге көшіруді көздейді. Бұл Қазақстанның халықаралық таланттар мен инвестициялар үшін бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жаңа визалық жүйе енгізіледі: бизнес-виза, білікті маман визасы және инвестициялық жобаларға арналған…
-

Ең мейірімді рекорд: ШҚО-да иттермен ауқымды серуен өтті
Облыс орталығындағы «Шешек» тауының маңында басталған серуенге үй жануарларымен бірге бірнеше қатысушы жиналып, Қазақстан рекордын орнату ниетін білдірді. Төрт сағаттық серуенге 120-дан астам адам алдын ала тіркелсе, іс-шара басталғанда шамамен 150 қатысушы жиналды. Олардың көпшілігі отбасыларымен және үй жануарларымен бірге келді. Қатысушылар мұндай бастамалар балалар үшін ерекше маңызды екенін айтып, иттерге деген қамқорлық пен дұрыс…
-

ТЖМ тікұшағы ШҚО-да баланы шұғыл түрде тасымалдады
«Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин, Олег Алфеев, Айдар Мамырханов шұғыл санитарлық операция жүргізді. ТЖМ тікұшағы төрт жастағы баланы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына жеткізді. Бортта санавиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Назым Бейсенбаева болып, науқастың жағдайын бақылап отырды. Ұшу сәтті өтті, бала әрі қарай ем алу үшін облыс орталығындағы медициналық мекемеге тапсырылды. ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелері тәулік бойы…
-

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Алматы облысында үш күнге созылған «Тазалық күндері» акциясына 39 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысып, туристік бағыттардағы демалыс орындарынан 760 тоннадан астам қоқыс жинады. Бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қаскелең шатқалында өткен сенбілік барысында үш күн бойы тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Қорытынды шарада акцияға ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар түрлі номинациялар бойынша…
-

Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев Қарағанды қаласының “№4 мектеп-интернатына” барды
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев Қарағанды қаласының “№4 мектеп-интернатына” барды. Сапар барысында мекеме нысандары, оның ішінде асхана, кітапхана, оқу кабинеттері мен тұрғын үй-жайлар қаралды. Сондай-ақ, Омбудсмен оқушы жастармен “Адал азамат және адал құқықтары” тақырыбында түсіндіру кездесуін өткізді. Сонымен қатар, құқықтық білім беру аясында мекеме қызметкерлері үшін этика, парасаттылық және адам…
-

Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ғасырлық тойына арналған айтыста Президенттің құттықтауын оқып берді
Ақтөбеде «Бес асыл» Республикалық ұлттық өнер сайысы аясында қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған Ақтөбе мен Қостанай облыстарының командалық айтысы өтіп жатыр. Ауқымды мәдени шараға еліміздің әр өңірінен келген айтыскерлер, зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер жұртшылық жиналды. Айтыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтауы оқылды. Мемлекет басшысының лебізін…
-

Павлодарда Қазақстан халқының бірлігі күні ауқымды әрі креативті түрде аталып өтті
Конституция алаңында өткен мерекелік шара мәдени әртүрлілік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Сахнада оқушылар сарайының, музыкалық колледждің және Достық үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Әлемдік хит әуендерді қазақ домбырасының ерекше үнімен үйлестірген Made in KZ тобының «Тау ішінде» композициясы көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Мерекелік бағдарлама TABRIZ, «Рэтро» ансамблі және музыкалық колледждің скрипкашылар ансамблінің «Менің…
-

Астанада әртүрлі өңірлерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтті
Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және өзге де облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып отыр. Сатып алушылар көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындарды, тосаптарды және басқа…
-

Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 3-15 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының К. Күмісбеков көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеи.…
-

Астаналық спортшылар Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жүлдеге таласады
8–10 мамыр күндері Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі қарсаңында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы ашық жаттығу жиынын өткізді. Жаттығу жиыны Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылып, оған әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылар қатысты. Ашық жаттығудан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері дзюдошылар мен жаттықтырушылар штабынан сұхбат алды. Халықаралық рейтингтік турнирде Астана қаласының екі…
-

АСТАНАДА БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды спорт фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара Триатлон паркінің жаңартылған жағалауында өтті. Фестивальдің басты бағдарламасы – 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру жарысы болды. Сонымен қатар қатысушылар үшін 2,5 шақырымдық скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 400 метрлік жарыс ұйымдастырылды. Таңсәріден Триатлон паркіне қала тұрғындары…
-

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 2 мен 9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 2 мен 9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала…
