
18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз – Ұлттық киім күні.
⚜Ұлттық киім – қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
⚜Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
⚜Бүгін – халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/960422?lang=kk

Жауап қалдыру