
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty clean & green» ауқымды тазарту жұмыстарына Алматы қаласы Спорт басқармасы басшылығымен бірге спортшылары да белсенді түрде қатысты.
Елуден аса спортшы Алатау ауданының Боралдай өзені бойындағы бақылау алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызып, қоқыс жинасты. Бұл шараның мақсаты – қала экологиясын жақсарту және қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру. Науқан барысында қатысушыларға арнайы құрал-жабдықтар, футболкалар мен кепкалар таратылды. Тазарту жұмыстарының нәтижесінде көптеген ағаш көшеттері отырғызылып, қала аумағының экологиялық ахуалы жақсартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-sports/press/news/details/963813?lang=kk

Жауап қалдыру