КЕНТАУДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН «НАУРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының 70 жылдығы аясында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Наурыз» республикалық турнирінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

Өткізіліп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймағынан Алматы, Атырау, Қызылорда, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан жалпы саны 43 командадан құралған, 400-ге жуық жас палуандар қатысуда.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова елімізде кез-келген спорт түріне ерекше көңіл бөлінетінін атап, қатысушы спортшыларға сәттілік жолдады.

Боз кілемде жас палуандар екі күн бойы жеңіс үшін белдесетін болады. Жарыстың басты мақсаты – жастар арасындағы достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау әрі кіл мықтыларды анықтау.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «ҚР спорт шебері» атағына үміткер болады.
Бүгінде тарихы тереңде жатқан еркін күрес спортының еліміздегі жасөспірімдер арасында үлкен сұранысқа ие. Қаланың өзінде спорттың бұл түрімен айналысатын жасөспірімдердің біршамасы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қалалық спорттың дамуына үлес қосуда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/962549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді