
Кентауда Наурызнаманың онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай қала аумағында 2 мың қара ағаш тал көшеттері отырғызылды. Тал көшеттері қаладағы «Жасыл аймақ» белдеуі мен қала көшелеріне егілді.
Жасыл желекті Кентау қаласында көгалдандыру жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, биыл Көктем мезгілінде жалпы 9500 тал отырғызу жоспарланған болса, Күз айларында тағы 9 мыңдай тал көшеттері егілмек.
Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның әрбір аймағында жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Осы күн барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/962550?lang=kk

Жауап қалдыру