
2025 жылғы 27 наурызда мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқарова, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Алтай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
1.1. Шығыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясы төрағасының Алтай ауданы бюджетінің атқарылуын бақылаудың 2024 жылғы нәтижелері туралы есебін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Дүйсембин Ахметов сөз сөйледі;
- Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының медициналық мекемелерінде медициналық қызметтер көрсету туралы. Алтай ауданының тұрғындарын тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
- Серебрянск қалалық ауруханасының медициналық мекемесінде медициналық қызмет көрсету туралы;
- Алтай ауданының елді мекендерінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы;
- Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4 – VІІІ “Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алтай ауданның мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4/4-VI “Алтай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Мәселелер сессия алдында тұрақты комиссиялардың отырысы барысында қаралды және талқыланды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/964991?lang=kk

Жауап қалдыру