«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.

 

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

– мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040429, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылы, Сайдалым Қажы көшесі № 9 «в».

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Рахат ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылы 4 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 7;

2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 65;

3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0;

4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 368;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 440.

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 440, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы халықты ақпараттандыру үшін 1 стенд бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің квалификациясын көтеру және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында, іс-шаралар өткізілді, бұл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларын түсіндіру отырыстары, акциялар, семинарлар, ашық есік күндері т.б. Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберген кемшіліктері үшін жауапқа тартылған мамандар болған жоқ.

Рахат ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында, әкімшілік ғимаратында электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ, жайлы орындықтар, суға арналған диспенсер және қызмет алушылар ақпарат алу үшін телевизор бар. Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары халықты электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету жөніндегі жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

       

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/964992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді