Ақтауда автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы автомобиль жолдарының 12769 шаршы метр аумағына шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Асфальт төсеу жұмыстарына 4 топтан құралған барлығы 20-дан астам қызметкер, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Асфальт төсеу жұмыстары алдымен орталық жолдарда жүргізілуде.

“Қазіргі таңда 1200 ш/м шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады”, –  деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/966194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді