
Наурыз айының 23-28 күндері аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Алдағы Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама сынға түсетін тартысты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мақты спортшылар қатысты.Тартысты өткен сайыста жерлестеріміз 25 алтын жеңіп, «Шардара Армспорт» құрамасы жалпы командалық есепте І орынға ие болды.
Барша жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді құттықтай келе, алдағы байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатуларына тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/966471?lang=kk

Жауап қалдыру