«Заң мен тәртіп»: мемлекеттік шекараға іргелес аумақтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы Прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Жамбыл ауданында өтті. Кеңес отырысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Е.Мақажанов қатысты.

Кеңес отырысында облыс әкімі шекара және іргелес аумақтарға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтіп, шекара қызметінің инфрақұрылымын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Департамент өз кезегінде шекара бекеттерін соғуға және инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаржының игерілуін бақылауға алатын болады. Осы мақсатта лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту бойынша жедел және профилактикалық жұмыстар жоспары әзірленді. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында шекаралас аймақтарда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды тұстары атап өтіліп, көрші мемлекетке жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына және өзге де құқықбұзушылықтарға жол бермеу жолдары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді