Шығыс кентінде Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кент тұрғындары мен қонақтары бұл жарқын мерекені бірге қарсы алып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтап, қуанышқа бөленді.

Мерекенің басты нышаны – киіз үйлер қалашығы болды. Мұнда 15 киіз үй тігіліп, әрқайсысы өзіне тән ұлттық нақышымен безендірілді. Қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, ата-бабаларымыздан жеткен мәдени құндылықтар таныстырылды.

Жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттырды.

Наурыз тойының ерекше сәнін спорттық сайыстар келтірді. Қатысушылар қазақ күресі және басқа да ұлттық ойындарда бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті.

Мерекеге орай арнайы дастархан жайылып, тұрғындар мен қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Іс-шара барысында кенттің дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген азаматтар қала әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді