Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 28 наурызында аудан әкімі А. Бектасовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа ведомствоаралық комиссияның мүшелері қатысты.

Отырыс барысында мәселелер қаралды:

  1. 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың жай-күйі және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін қарау. Кісі өлтіруге ықпал ететін жүйелік проблемаларды анықтау және оларды жою шараларын пысықтау.
  3. Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша ауданда құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/965796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді