
2024 жылдың 5-11 тамыз аралығында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтті
Фестивальдің мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру арқылы БҚО-ға шектес орналасқан Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыстарды орнату. Сондай-ақ Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысына шектес Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан, Челяби облыстарындағы ұлттық мәдени орталықтарының жетекшілері қатысты.
Фестиваль аясында қатысушылар облыс аумағындағы тарихи-мәдени нысандарға саяхаттар, атап айтқанда Теректі ауданындағы этно ауылға, Сырым ауданындағы Сырым Датыұлы және «Алаш» музейлеріне, Қаратөбе ауданында тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бойынша шеберлік сабақтар, спорттық-сауықтыру шаралар, «Ұлттық код – рухани жаңғыру негізі» және «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы» тақырыптарында семинарлары мен қазақ тілін оқыту сабақтары ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969072?lang=kk

Жауап қалдыру