
Беген ауылдық кітапханасында қазақтың біртуар сазгері, дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Ғасыр сазын тербеген» тақырыбында өнер сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Нұрғиса Тілендиевтің өнер жолы мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі туралы кеңінен мағлұмат беріліп, оның шығармашылығынан үзінділер ұсынылды. Кітапхана оқырмандарына оның күйлері мен әндері тыңдатылып, ұлттық өнердің тереңіне бойлауға мүмкіндік жасалды. Интерактивті тақта арқылы Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Өз елім» әні ұсынылып, музыка пәні мұғалімі У. Амрина жетекшілігімен оқырмандар бірге орындады. Жас оқырмандар іс-шарадан ерекше әсер алып, өнердің құдіретін сезінгендерін атап өтті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/969075?lang=kk

Жауап қалдыру