
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов Тобыл-Торғай су шаруашылығы бассейні мен су тасқыны қаупі бар елді мекендерді әуеден тексерді. Визуалды шолу барысында су деңгейінің көтерілуі, бөгеттердің жағдайы және қауіп төндіруі мүмкін аймақтар бағаланды. Бұл тексеріс өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және су тасқынының салдарын алдын алу мақсатында жүргізілген шаралардың бірі болып табылады.
Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/969122?lang=kk

Жауап қалдыру