Қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 3 сәуірінде облыстық прокуратура алаңында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы жұмыс кеңесі өтті.

 Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің  Ақтөбе облысындағы  өкілі А.Ж. Байдуллина қатысты.

Кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  • Өнімдер тігуге (арнайы киім, төсек-орын жабдықтары және т. б.) арналған тапсырыстардың бір бөлігін РМК «Еңбек» пен ӨӨҚ «Qaz Textil Industry» консорциумына беру, бұл сотталғандарды жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
  • РМК «Еңбек» арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен тікелей шарттар жасасу үшін кейбір мемлекеттік сатып алуларды бір көзден беру мүмкіндігін қарастыру.
  • ҚАЖ мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қайта қарау, оларды оңтайландыру, ғимараттарды жөндеу және бизнес субъектілерінің білікті кадрларға қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту.
  • Жергілікті атқарушы органдар арқылы сотталғандарды әлеуметтендіру, оның ішінде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдау (Отбасыны қолдау орталығы).

Барлық қаралған мәселелерді іске асыру жоспары талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша Өкіл тергеу изоляторларындағы кәмелетке толмағандардардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар алуды ұсынды, ұсыным бойынша жуық арада облыстық прокуратура, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен бірлесіп мониторинг жасау туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/969121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді