Salyqbot Telegram мессенджерінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Telegram мессенджерінде сіздің банктік шоттарыңызды бұғаттау мәселелері, жергілікті салықтар бойынша есептеу және берешек мәселелері, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар екенін жеткізеді, соның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы есептілікті ұсыну бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша.

«Кеден мәселелері бойынша жедел көмек көрсету» жаңа қызметі іске қосылды. Ақпарат алу үшін іздеуде Salygbot теріп, содан кейін чатқа өтіп, мәзірден сізді қызықтыратын сұрақ тақырыбын таңдау керек.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтау және салық төлеушілердің салық/кеден органдары туралы пікірін білу мақсатында Salyqbot-та «МҚО қызметтерінің сапасы туралы» және «МҚО қызметі туралы пікір» сауалнамалары бар.

 

#Salyqbot

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/967704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді