«Заң мен Тәртіп»: Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау филиалында кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде «Жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сараптау» ШЖҚ РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Спикер ретінде Департаменттің бас маманы Нұрболат Махмұтов сөз сөйледі.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сараптамалық қызметте ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету тетіктері қаралды. Жобалық сараптаманың барлық кезеңдерінде жұмысқа адал көзқарастың маңыздылығына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ерекше назар аударылды.

Ұйым қызметкерлері алдағы кездесулерге қызығушылық танытып, мұндай бастамалар сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аудиторияны кеңейтіп, түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, «Заң мен Тәртіп» идеологиясы шеңберінде іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#АдалАзамат

#Әділдік

#Жауапкершілік

#Заңүстемдігі

#Заңбәрінеортақ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/967703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді