Абай облысы әкімі мен мәслихат төрағасы Ақтоғай мен Қопа ауылдарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков жұмыс сапарымен Ақтоғай мен Қопа елді мекендеріне барды.

Сапар Ақтоғай кентіндегі жалпы орта мектептен басталды. Мұнда 220 орынға есептелген білім ордасында бүгінде 400-ден астам оқушы оқып жатыр. Мәселенің мән-жайымен танысқан аймақ басшысы мектепке қосымша 240 орындық жапсаржай салу туралы ұсынысты қолдап, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Аймақ басшысы ауылдық жерлердегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Сондай-ақ делегация Ақтоғайдағы аурухана мен Қопа ауылындағы мәдениет үйін аралап, Kaz Minerals-тың кен байыту комбинатының жұмысымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/971193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді