“Pro Eсo” экологиялық жобалар конкурсы бойынша аудан оқушылары Республикалық кезеңге 3 жолдама жеңіп алды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сүйінші!
“Pro Eсo” экологиялық жобалар конкурсы бойынша аудан оқушылары Республикалық кезеңге 3 жолдама жеңіп алды.
Өскемен қаласында “Pro Eco” экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылып өткізілді.
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан төрт бағыты бойынша оқушылар қатысып, үздік нәтижелер көрсете білді.
☘️Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем бағыты бойынша жүлделі 🏆 І ОРЫН “С. Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі” КММ оқушысы Асқарұлы Нұрасыл.
☘️Таза қала сізден басталады номинациясы бойынша 🏆 І ОРЫН “Абай атындағы орта мектебі”КММ оқушысы Бауыржанова Қымбат.
☘️Туған өлке табиғаты номинациясы бойынша
🏆 І ОРЫН “Ақмектеп орта мектебі” КММ оқушысы Жанатова Жайна.
Жарайсыздар!!! Білім саласының биік шыңдарын бағындыра беріңіздер. Жетекші ұстаздарын құттықтай отырып, кәсіби жетістік пен шығармашылық шабыт тілейміз! Республикалық кезеңнен жүлдемен оралуға тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/971192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді