Кезекті 28-сессия отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия отырысын мәслихат төрағасы К.Мажиев ашып, жүргізді.Сессия отырысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Абилова Алмагүл Исламовна, «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының уақытша міндетін атқарушы Абдрахманова Наргиз Нұрединқызы, БАҚ өкілі, ауылдық емхана меңгерушілері қатысты. Күн тәртібінде:Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның аудандағы жұмысы туралы, аудан бойынша 2025 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғану жұмыстары туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы және Махамбет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы мәселелері қаралды. Сессия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, хабарламашыларға сұрақтар қойылып,тиісті шешімдер қабылданып,бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/972813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді