
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Е. Айтбаевтың төрағалығымен «Серпін» жобасын іске асыру жөніндегі өңірлік жобалау кеңсесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім беру, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ішкі саясат басқармаларының өкілдері, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, онлайн форматта аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Ақмола облысында жастарды жұмысқа орналастырудың қабылданып жатқан шаралары, сондай-ақ жоғары оқу орындары жанындағы мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жергілікті жерлердегі мансап орталықтарымен тығыз өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жандандыру мәселесі бойынша жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Е.К. Мұхамедин сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/972824?lang=kk

Жауап қалдыру