
2025 жылғы 09 сәуірде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заң және тәртіп – әділеттіліктің басты шарты» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарының, тиісті іс-шаралардың жылдар бойы өзгертілуі және толықтырулары жайлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдіруі туралы айтылды.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2019 жылдан басталған реформалардың пакеттері талқыланып, жүргізілген жұмыстар, жоспарланған шаралардың тиімділігі және жетістіктерінің мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор мекемелеріне қатысты жауапкершіліктің күшейтілуі туралы түсінідірілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау органдарына, пара алушылар мен делдалдарға қатаң жазалар қолданылуы туралы айтылып, негізсіз байыту үшін жауапкершіліктің артқаны туралы мәлімде жасалды.
Сыбайлас жемқорлықтың кесірі тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің дамуына, өсіп-өркендеуіне нұқсан келтіретіні баршаға белгілі.
Мемлекеттік қызмет атқаратын әрбір тұлға айқындалған талаптарды өз өкілеттігін атқару барысында міндетті түрде ұстанып отырса, бұл да біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің бір ерекшелігі ретінде саналатын қызмет екені жеткізілді.
Семинар соңында сыбайлас жемқорлық фактілерінің тіркеу, оның келтірілген зияны тек жеке бір тұлғаға ғана емес отбасылық қасірет екені туралы видеофильмдер көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/974163?lang=kk

Жауап қалдыру