
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Салима Салимжанова ойынға тәуелділіктің қоғамға теріс әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде “Мемлекеттік қызметшілер арасында Лудомания” семинарын өткізді.
Семинарда қатысушыларға лудомания ұғымы, оның жеке өмірі мен жұмысына әсері, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділік белгілері түсіндірілді. Симптомдарды ерте анықтау және қажет болған жағдайда кәсіби медициналық көмекке жүгіну бойынша ұсыныстар берілді.
С. Салимжанова мемлекеттік құрылымдарда салауатты және өнімді жұмыс атмосферасын құруға мүмкіндік беретін тәуелділікпен күресте профилактика мен хабардарлықты арттыру негізгі шаралар болып табылатынын атап өтті.
Осылайша, өткізілген іс-шара мемлекеттік қызметшілердің психологиялық денсаулығын жақсартудағы және мемлекеттік құрылымдар жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/974167?lang=kk

Жауап қалдыру